Президент жастарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент жастарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Қазақстанда 37 056 адамды әскерге шақыру жоспарланып отырғаны айтылған. Әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылады. Әскерге шақыру кампаниясы наурыз бен маусым және қыркүйек пен желтоқсан аралығында жүреді.

Дереккөз: Abai.kz