Ресей мен Қазақстанда абырой менеджмент жөнінде жаңа кітап жарық көрді
Нашар абыроймен адамдар жұмысқа қабылданбайды, олармен ешкім іс жүргізгісі келмейді, ал нашар абыроймен компаниялар клиенттерінен айырылып құлдырайды. Мансап, бизнес және жеке өмір абыройға қатты тәуелді және шын мәнінде барлығында осы маңызды активті басқару немесе оны бақылаудан тыс қалдыру тандауы бар.
Бүгін басшылардың басым бөлігі өз компанияларының абыройдың құрамдас бөліктері туралы жиі ойлана бастады. Алайда, оның құнын есептеуге және бизнеске осындай қымбат активпен жұмыс істеуге көмектесетін әмбебап формула әлі күнге дейін болған емес. Альфред Нобель айтқандай: «Жақсы абырой таза көйлектен гөрі маңызды. Көйлекті жуып-тазалап алуға болады, ал абыройды — ешқашан». Қарым-қатынастар жөніндегі танымал қазақстандық сарапшы Қуат Домбай «Сколько ты стоишь? Репутация как финансовый капитал» атты жаңа кітабында абыройды есептеу формуласын әзірлеп, абыройды басқару ерекшеліктерін сипаттады.
Бұған дейін Қуат Домбай Қазақстанда іскерлік басылымдар ішінде үздік сатылым санатына енген «PR без понтов» және «Абырой менеджмент» атты екі танымал бизнес кітап шығарған болатын.
«Сколько ты стоишь? Репутация как финансовый капитал» үшінші кітабы табысты корпоративтік абыройды қалыптастыру жолдары мен сол арқылы сатылымды едәуір арттыруға арналған тәжірибелік авторлық ұсыныстарды қамтиды. Кітап автордың 25 жылдан астам уақыт бойы жинаған тәжірибесіне негізделген және Қазақстан мен РФ Жоғары экономика мектебі сарапшыларының маңызды ұсыныстарына ие болған.
Бедел ме әлде абырой ма? Қайсысы маңыздырақ? Абырой қалай жұмыс істейді немесе неліктен жаман жаңалықтар жақсы жаңалықтардан гөрі тез таралады? Осы және көптеген басқа сұрақтарға автор өз кітабында жауап береді, ол бастаушы және тәжірибелі PR-мамандарға, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерлерге, персонал, маркетинг және сату жөніндегі мамандарға, сондай-ақ компания басшыларына пайдалы болады.
Қазақстанда кітап «Зерде Паблишинг» баспасында жарияланады, 2023 жылдың екінші жарты жылдығында ағылшын тілінде жарыққа шығады деп күтілуде. Ал жетекші ресейлік Alpina Pro баспасымен серіктестікте қазақстандық автордың кітабы Ресейде де сатылымға шықты.
Қуат Домбай – ҚР СІМ кадр дипломаты, мұнай-газ секторы — КРО компанияларында, телеком-саласында — GSM Kazakhstan және қаржы секторында — HSBC Kazakhstan, ҚДБ, КазКом, БТА компанияларында корпоративтік қарым-қатынастарды басқару бойынша көп жылдық тәжірибесі бар. 2008-2010 жылдары «Шахар» ТРК («Хит-ТВ» музыкалық арнасы, Energy FM радиостанциясы) басқарды.1948