Әз Наурыз. OPPO Reno8 T. Димаш Құдайберген  

Көктемнің шуақты мерекесі Әз Наурызда Алматыда әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуымен жаңа OPPO смартфондарының алғашқы сатып алушыларына арналған үлкен шара өтті.

Өзге құрылғылардан өзінің камерасымен ерекшеленетін OPPO Reno8 T таныстырылымы ұлттық нақышта өтті. Шара қонақтары ұлттық музыкалық шығармаларды оркестр орындауында тыңдап, ұлттық дәмді тағамдардан құралған дастарханнан дәм татып, OPPO смартфондарының мүмкіндіктерін көрсететін этникалық және жоғары технологиялық стильдегі фотоаймақтар болды.

Сондай-ақ, камера микроскопының көмегімен 40 есе үлкейту арқылы ұлттық тәттілердің құрылымын, нақтырақ айтқанда, микроскоп арқылы ұн мен қанттың ең ұсақ түйірлерін көруге мүмкіндік берілді. Қонақтардың арасында қазақстандық танымал өнер майталмандары, журналисттер, блогерлер бой көрсетті. Сонымен қатар, жаңа OPPO Reno8 T Series смартфоны сатылымға шыққан бойда алғашқы болып иеленген жандар да мерекелік кештің арнайы қонағы болды.

OPPO компаниясы сапа, дизайн мен функцияларын бағалайтын әрбір адамға жақсы сыйлық жасап, олардың брендке адал екенін атап көрсеткісі келді. Сол мақсатпен келген қонақтарға тосын сый ретінде Димаш Құдайбергенмен бірге суретке түсуге мүмкіндік берді.

Шараның алғашқы бөлімінде халықаралық этно-рок сахнасының жұлдыздары «Ұлытау» тобы өнер көрсетті. Қонақтармен интерактивті ойындар өткізіліп, сыйлықтар берілді. Ал іс-шараның екінші бөлімінде Димаш сахнаға шақырылды. Атақты әнші шара қонақтарымен кездесіп, онлайн арқылы жанкүйерлерімен байланысқа шықты.

Кеш жүргізушісі Тахир Сұлтан OPPO Kazakhstan ресми инстаграм аккаунтында әншіге арналған сұрақтар байқауында іріктеп алынған үздік сұрақтарды қойып, LIVE форматында Димашпен сұхбат жүргізді. бұрын жарияланған еді. Қызықты сұрақтардың арасында Венгрия еліндегі жанкүйердің де сұрағы болды. Сұхбат барысында әнші Димаш Құдайберген алға қойған жоспарлар, концерттік бағдарламалар, отбасылық құндылықтар, білім алу жөнінде сөз қозғады.

Шара соңында OPPO брендінің амбассадоры Димаш барша елді Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кешке келе алмаған жандар үшін де Димаш сахнадан игі тілектерін жолдап, оны бейнекамераға түсіріп, жақындарға жолдауды ұсынды.

Биылғы Наурыз мерекесі OPPO Kazakhstan компаниясының арқасында елдің есінде ерекше есте қалды.

Қазақстандағы OPPO ресми дистрибьюторы  — смартфондар бойынша бас компания болып табылатын Freedom Mobile компаниясы. Компанияның Қазақстанның 31 қаласында ұялы телефондар мен аксессуарларға арналған 126 бөлшек сауда дүкені бар. Толық ақпаратты fmobile.kz ресми сайтынан көруге болады.