Air Astana әуекомпаниясы көктемгі-жазғы ұшу кестесіне ауысты

Air Astana әуекомпаниясы 2023 жылғы 26 наурыздан бастап 29 қазанға дейін жалғасатын көктемгі-жазғы ұшу кестесіне көшті. Осы кезеңде жолаушылардың танымал бағыттардағы сұранысын қанағаттандыру және саяхаттау үшін көбірек мүмкіндіктер ұсыну үшін әуекомпания бірқатар халықаралық рейстер санын бірте-бірте ұлғайтады.

Алматыдан Анталияға рейс саны аптасына 10, Астанадан 7, ал Тбилисиге сәйкесінше аптасына 7 және 3 рейске дейін ұлғаяды. Алматыдан Ташкентке аптасына 14, Астанадан 5, Алматыдан Бішкекке 9, ал Лондонға 5 рейске дейін ұшулар жүзеге асырылады. Алматыдан Чендуға апта сайынғы рейске қоса әуекомпаниясы Алматыдан Бейіжіңге күн сайын және Астанадан атптасына 2 рет рейс орындайды. Ыстамбұлға Алматыдан аптасына 11, Астанадан 7, А1577тыраудан 3 рейс орындалады. Алматыдан Баку және Душанбе қалаларына Air Astana аптасына 4 рет қатынайды.

Әуекомпанияның көктемгі-жазғы кестесіне тұрақты маусымдық бағыттар оралады: Алматыдан Бодрум мен Ираклионға, сондай-ақ Алматы мен Астанадан Подгорицаға рейстер аптасына 3 рет, ал Алматыдан Батумиге аптасына 5 рет орындалатын болады. Әуе тасымалдаушы Таиландқа тікелей күн сайынғы рейстерді орындауды жалғастырады: Алматы-Бангкок бағыты бойынша аптасына 3 рет, Алматы-Пхукет бағыты бойынша 4 рет.

Ұшу кестесін нақтылау және авиабилеттерді сатып алу әуекомпанияның ресми сайтында, Air Astana сату кеңселерінде, Ақпарат және брондау орталығында, сондай-ақ аккредиттелген агенттіктерде мүмкін.