Салық резиденттігін растау туралы айтылды
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде салық резиденттігін растау туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің резидент еместерге салық салу басқармасының басшысы Әнуар Тынысбаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Резидент және «бейрезидент» ұғымдары Салық кодексінің Қазақстан Республикасының аумағында салық салу тәртібінде сипатталған. Резиденттікті растайтын құжат мемлекеттің ішінде және шекараларына салық салуға ықпал етеді. Құжатты алу барысы салықтық өтініш және өтініш берушінің мәртебесіне байланысты қажетті құжаттарды берудан басталады. Бұл салық міндеттемелерін орындау мақсатында жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға маңызды.
Жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының азаматының резиденттікті растауға арналған салықтық өтініші, жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі қажет. Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішін, шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін ұсыну керек. Сонымен бірге Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың нотариат куәландырған көшірмесі және Қазақстан Респбликасында болу кезеңін растайтын виза, шекара қызметінің анықтамасы сынды құжаттары да керек болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденттері болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар: резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін, «Астана» ХҚО инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы растайтын хаттын және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде ішкі істер органы берген растау хатын ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғалар салық резиденттігін растау үшін салықтық өтініш беруге тиіс. Қазақстанда өзінің тиімді басқару орнының болуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға келесі құжаттарды ұсынуы қажет: резиденттікті растауға арналған салықтық өтініш, Қазақстан Респулбикасында өзінің тиімді басқару орнын растайтын нотариат куәландырған құжаттың көшірмесі.
Өтінішті салық органы қарайды. Олар ұсынылған құжаттарды бағалайды және резиденттікті растайтын құжатты береді немесе бас тартуға негіздеме береді. Резиденттікті растайтын құжатты алу үшін қатаң белгіленген мерзім бар, олардың сақталуына заңнамамен кепілдік беріледі.