Шымбұлақ таулы курортында «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғысы беткейі» номинациясы бойынша Гиннес рекорды орнатылды
«Шымбұлақ» — Қазақстандағы «Гиннес рекордтар кітабына» алғаш рет «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғысы трассасы бар курорт» ретінде кірген жалғыз тау курорты.
Рекорд нәтижесін ресми тіркеу және сертификаттарды табыстау рәсімі Мәдениет және спорт министрі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Guinness World Records компаниясы, БАҚ өкілдерінің және курорт қонақтарының қатысуымен теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті.
«Шымбұлақ» ММ бас директоры Ринат Абдрахманов:
«Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Біз Гиннесстің әлемдік рекордын орнатуға куә болдық. Біз алдымызға өте өршіл міндет қойдық, оны орындау біз үшін сын-қатер болды. 6 ай ішінде осы трассаны салып, 25 тірек тұрғызып, беткейдің төрт шақырымдай ұзақтығын түнгі жарықтандыру керек болды. Баршамызға армандауды тілеймін. Қорықпаңыздар! Өйткені арман мақсатқа, ал мақсат — шындыққа айналады. Бүгін құрметті қонақтарымыз да осы айтулы күнімізбен құттықтауға келді»
ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бұл тарихи сәт және ел үшін мақтаныш екенін атап өтті:
«Бұл тарихи оқиға — біздің Шымбұлақ тау курорты әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғысы беткейі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр. Бұл тек алматылықтардың ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы. Баршаңызды құттықтаймыз! Біз мәдениет және спорт министрлігі тарапынан туризм саласындағы кластерді дамытуға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз. Шымбұлақ туризмді дамытудың негізгі дестинацияларының бірі болып табылады»
Әлемдік рекордты орнату үшін мынадай шарттарды орындау қажет болды:
- Рекорд орнату үшін биіктігі метрмен өлшенуі тиіс;
- Білікті маман дәл осы жерде, Сол жақ Талғарда өлшеу жүргізуі тиіс еді;
- Курорттың беткейлері ресми түрде FIS деп танылуға тиіс;
- Курорт штаттық режимде трасса бойында қосылған жарықпен жұмыс істеуі керек
Судья ең ұзын түнгі трассаның рекордын орнатудың ең төменгі биіктігі теңіз деңгейінен 3100 метр екенін айтты.
«Мен Шымбұлақ тау курорты» «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғысы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде кіргенін ресми түрде хабарлауға қуаныштымын», — деді Guinness World Records өкілі.