Сингапур президенті Халима Якоб Назарбаев университетінің құрметті профессоры атағын алды
Сингапур Президенті Мәртебелі Халима Якоб Назарбаев Университетінің құрметті қонағы ретінде «Арыстан қаласынан Ұлы далаға дейін» тақырыбында дәріс оқыды. Шараға Қазақстан үкіметінің өкілдері, сондай-ақ Назарбаев Университетінің әкімшілігі, оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты. Президент Халима Якоб дәрісінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз өзара тиімді 30-жылдық ынтымақтастық жетістіктері туралы айтты.
Дәріс барысында Сингапур Президенті «Арыстан қала» мен «Ұлы дала» арасындағы ынтымақтастықтың үш негізгінде тоқталды. Президент пікірінше, олар: білім саласы, гендерлік теңдік және барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер, және дінаралық диалог.
Президент Халима Сингапурдың білім беруді дамытудағы тәжірибесі және қоғамның барлық секторлары үшін білімге тең қолжетімділігі туралы айтты. Президент инклюзивтілікті және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілетудің маңыздылығын қозғады. Президент Халима Қазақстан туралы айта келе, елімізде жоғары оқу орындарының санын көбейту, мемлекеттік қолдау арқылы білім сапасын арттыру, қазақстандық және шетелдік университеттер арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды ерекше атап өтті.
«Сингапур өмір бойы білім алудың маңыздылығын мойындайды және мен ересектердің оқуына қолдау көрсетуді арттыру үшін көп үлес қосуға тырысамын. Білім саласы “Қазақстан 2050” стратегиясының негізгі тіректерінің бірі болып табылатынын білемін. Сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары білім беру саласынындағы инфрақұрылымға инвестиция салу және бүкіл Қазақстан бойынша инклюзивті білім беру саясатын ілгерілету арқылы жоғары сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталғанын қуана атап өткім келеді», — деді сингапурлық президент.
Президент Халима Назарбаев Университеті мен Сингапур Ұлттық университеті арасындағы берік ынтымақтастықты атап өтті. 2012 жылдың тамыз айынан бастап қол қойылған келісім аясында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) және Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі (ЛКЮ Мектебі) академиялық алмасуды арттырып, зерттеу тәжірибесімен бөлісуде. Стратегиялық серіктестік аясында 2016 жылдан бері NU-дың 13 студенті ЛКЮ мектебінде, ал 11 сингапурлық студент NU-да білім алды.
Студент алмасу бағдарламасымен қатар, оқытушылар алмасу процессі іске асырылған. Нәтижесінде NU GSPP профессорлары 1 семестр бойы ЛКЮ мектебінің студенттеріне сабақ беріп, сингапурлық профессорлармен тәжірибе алмасып, ғылыми жобаларын дамытады. Бүгінде бағдарлама аясында Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінде және Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде 3 сингапурлық профессор дәріс береді. Назарбаев Университетінің ғалымдары сондай-ақ Сингапур Ұлттық университеті және Торонто университетімен «Бір белдеу, бір жол жобасына жаһандық көзқарас» тақырыбындағы көпжылдық бірлескен зерттеуге қатысуда.
Мәртебелі сапардың маңызды сәті Президент Халиманың Назарбаев Университетінің құрметті профессоры атағын алуы болды. NU президенті Шигео Катсу гендерлік теңдікті және БҰҰ-ның басқа да тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетіп жүрген саясаткерге, Сингапурдың тұңғыш әйел президентіне мұндай атақ беру университет үшін үлкен мәртебе және мақтаныш екенін атап өтті. Бұған дейін бұл атақты 2013 жылы Қытай төрағасы Си Цзиньпин және 2015 жылы Жапонияның марқұм премьер-министрі Синдзо Абэ иеленген болатын.
Мәртебелі Президент Халима 2017 жылдың қыркүйегінде қызметіне кірісіп, 8-ші президент және тарихтағы елді басқарған алғашқы әйел болды. Оның кандидатурасының сайлануы оның барлық талаптарға ерекше сәйкестігіне байланысты болды. Президент Халима Якоб өзінің мансабында үнемі стереотиптерді бұзып, алдымен 2001 жылы парламентке сайланған алғашқы малайялық әйел, содан кейін 2013 жылы парламент спикері қызметін атқарған алғашқы әйел болды.
Президент Халима Якоб 1978 жылы Сингапур Ұлттық университетінің заң факультетін үздік бітіріп, 2001 жылы сол оқу орнында магистр дәрежесіне ие болды. Еңбек жолын Ұлттық кәсіподақ конгресінде бастап, Бас хатшының орынбасары, Заң қызметтері департаментінің директоры және Әйелдерді дамыту хатшылығының директоры қызметтерін атқарды. Мансап барысында ол сонымен қатар Әлеуметтік қызметтер ұлттық кеңесінің кеңесшісі және Сингапурдың Қоғамдық даму, жастар және спорт министрі қызметін атқарған.
Президент Халима Якоб өзінің президенттігі кезінде біртұтас, тең қоғам құру, конфессияаралық түсіністікті ілгерілетуге бағытталған бастамалардың күшті жақтаушысы болып келеді. Президент Халима Якуб гендерлік теңдіктің маңыздылығын насихаттайды, Азия әйелдер форумында сөйлеген сөзінде ол жаһандық компаниялардың осы принципті ұстануларына шақырды. Мәртебелі мейманның әртүрлі кеңестердегі, соның ішінде Mendaki Sense, Әйелдер үшін жұмысқа орналасу таңдауын кеңейту жөніндегі үш жақты жұмыс тобы және Әділетті жұмыспен қамту тәжірибесі үшін үш жақты альянстағы мүшелігі оның осы мәселелерге адалдығын көрсетеді. Президент Халима қарттар мен психикалық науқастарға қамқорлық жасау бастамаларын, сондай-ақ біліктілігі төмен және егде жастағы жұмысшыларды оқытуға мүмкіндік беру мәселелерді белсенді түрде ілгерілетуде. Оның осы салаларға адалдығы әлеуметтік әл-ауқат пен инклюзияға деген берік ниетті көрсетеді.
Президент Халима Якуб дәрісін Назарбаев Университетінің Youtube арнасында қарауға болады: