Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР МСМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, белгілі өнер қайраткері Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Министр осыған дейін Төраға болған Роза Кәрібжановаға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

2009-2013 жылдары — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы.

2012-2013 жылдары — Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары — Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.

2017-2018 жылдары — Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.