«София» қазақстандық-түрік бірлескен фильмінің дүниежүзілік премьерасы өтті

Канн фестивалінде режиссер Төлепберген Байсақалов пен тең режиссер Дарья Дуничтің «София» қазақстандық-түрік бірлескен фильмінің дүниежүзілік премьерасы өтті.

Фильм бай түрік жігіті Хусейнмен махаббат қарым-қатынасына түскен София деген бойжеткеннің оқиғасын баяндайды. Хусейннің жұбайы күйеуінің опасыздығы туралы біліп қойған кезде, Софияның тағдыры күрт өзгереді, оған Қазақстаннан келген иммигрант Азамат деген жігіт кездеседі.

«София» картинасы уақыт, жас, әлеуметтік жағдай және қай жерде жүргеніңе қарамастан бәрімізді біріктіретін эмоциялар мен қарым-қатынастарды көрсету үшін адамның ішкі жан дүниесіне тереңірек үңілуге деген талпыныс.

Басты рөлдерді Түркия актрисасы Яна Рай және қоюшы режиссер Төлепберген Байсақаловтың өзі сомдап шықты.

Фильм кең прокатқа Қазақстанда күзде шығады деп жоспарлануда.

Негізгі түсірілім Ыстамбұлда, Қара теңіз жағалауында өтті, фильмнің шағын бір бөлігі қазақ ауылында түсірілді.

«Мұндай ынтымақтастық біздің фильм үшін ерекше бір ахуал туғызғандай болды. Өйткені басқа елдегі жұмыс екі команданың — түрік және қазақстандық командалардың іс-әрекеттерін келісу қажеттілігімен күрделене түсті. Тілдегі кедергілер және жұмысқа деген әртүрлі көзқарастың қалыптасуы әсер еткендей. Түсірілім жұмыстары бір айға созылды, ал одан кейінгі продакшнге 3 ай уақыт қажет болды», — деді тең режиссер Дарья Дунич.

Фильм көрермендер мен кинематографистердің қызығушылығын тудырды. Картина продюсеріне басқа елдердің продакшндерінен бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсыныстар келіп түсті.