Сүт безінің қатерлі ісігі диагнозымен жыл сайын елімізде 5 мыңға дейін жаңа науқас тіркеледі
Қазан айын Денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу айы деп белгіленді.
Сүт безінің қатерлі ісігі қазіргі таңда Қазақстанда ең көп таралған қатерлі ісік түрі болып табылады.
Жыл сайын елімізде 5 мыңға дейін жаңа науқас тіркеледі.
Бұл жағдайда сүт бездерін жүйелі түрде тексеру және скрининг жүргізу маңызды.
7 қазанда Қазақстандағы мемлекеттік онкологиялық ұйымдар сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру айлығына арналған Ашық есік күнін өткізді.
Бұл күні қатысушылар онколог-маммологтардан білікті кеңес алып, тексеруден өтуге мүмкіндік алды.
Науқан аясында Қазақстан бойынша барлығы 1251 адамға кеңес берілді.
Қатерлі ісікке күдік 28 әйелден анықталды.
Қатерлі ісік алды жағдайлар (предрак)– 130 әйелде.
Басқа аурулар – 582.
Құрметті әйелдер қауымы!
Сіз әрқашан емханаларда скринингтен өте аласыз, бұл МӘМС шеңберінде тегін!
Сүт безі обырын ерте диагностикалау мақсатында тегін онкологиялық скрининг 40-70 жас аралығындағы әйелдерге 2 жылда бір рет жүргізіледі.
Есіңізде болсын, ерте диагностика өмірді сақтайды!
Біздің Instagram парақшасына жазылып, қатерлі ісіктердің алдын-алу туралы хабардар болыңыз @onco.kz_kazior