Милад Карими Қазақстанға әлем чемпионатының тарихи жүлдесін тарту етті

Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-ші әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалында 14.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Алтын осы бағдарламадағы Токио Олимпиадасының чемпионы Артем Долгопяттың (Израиль), күміс Казуки Минамидың (Жапония) еншісінде.

Бұл қазақ гимнастарының 1997 жылдан кейін әлем чемпионатында қол жеткіген жүлдесі. Ол кезде Сергей Федорченко Лозаннадағы додада бөренеден секіруден чемпион атанған. Бұл бүгінге дейін Қазақстанның жалғыз медалі еді.

Былтыр Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында Милад еркін жаттығудың финалында 12.100 балл жинап, 8-сатыдан көрінген.

Жалпы Милад биылғы масымды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Ол Баку қаласында өткен Әлем Кубогының кезеңінде еркін жаттығуда топ жарды. Сосын, Әлем Кубогының сериясында осы санатта жеңімпаз атанды.