Талдықорғанда кәсіпкерлікті дамытуға 30 адамға грант берілді

2024 жылы Талдықорған қаласы бойынша 30 азаматқа кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік грант берілді. Мансап орталығы тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде грант иегерлерінің жеке құжаттары мен комиссия отырыстарының хаттамалары толықтай тексерілді.
Алайда, мониторинг барысында бірқатар келеңсіз жайттар анықталды. Атап айтқанда, 5 грант иегері мүлдем есеп тапсырмаған, ал 8 адамның зейнетақы қорына жарна аудармағаны белгілі болды. Сонымен қатар, 6 азаматтың порталға құжаттарын жүктемегені және есептерін жолдамағаны анықталды. Қалған 24 грант иегері есептерін уақтылы тапсырып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылға арналған гранттарды бірінші легі бойынша өтінімдер 21 мамыр мен 3 маусым аралығында қабылданды. Бүгінгі күнге дейін 69 өтінім тіркелген.
2025 жылдың есептік кезеңінде 78 жас маман жастар тәжірибесіне жолданған. Оның ішінде 6 маман түрлі себептермен жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта 72 жас 48 мекемеде қызметін жалғастырып жатыр. Маусым-шілде айларында 70%-дық көрсеткішке жетіп, жыл соңына дейін жоспар толық орындалады деп күтілуде.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 2025 жылға 80 адамды қамту жоспарланғанымен, қазіргі таңда небәрі 13 жас жұмысқа орналасты. Төмен көрсеткіштің себебі – 2024 жылдың қазан айында жұмыс берушілерден өтінім қабылданбағандықтан, жыл басында бағыттау көрсеткіші төмен болды. Қазіргі таңда оқу жылының аяқталуы күтілуде.
Ұрпақтар келісімшарты жобасын іске асыру барысында жастар мен тәлімгерлерді тарту кезінде бірқатар қиындықтар туындап, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмады. Қазіргі таңда жобаның критерийлеріне сәйкес келетін қатысушылармен іріктеу жұмыстары жалғасуда.