«Тарихқа тағзым» атты концерттік кеші өтеді

2023 жылдың 31-ші мамыр күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залының сахнасында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған, дәстүрлі әншілер және күйшілердің қатысуымен «Тарихқа тағзым» атты концерттік кеші өтеді. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері -Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Ақан Абдуалиев, Нұржан Жанпейісов, Еркін Шүкіманов, Нүркен Әшіров және т.б. қатысады.
Кеште «Сазген сазы» фольклорлы – этнографиялық ансамблі өнер көрсетеді.