Қазақстандықтардың дәмді котлетке деген сүйіспеншілігі туралы цифрлар сөйлейді

  • Қазақстан –бургер тұтынымы бойынша Орталық Азиядағы нөмірі бірінші ел
  • және Glovo жеткізу қызметі бар 25 ел ішіндегі әлемдік рейтингте алтыншы орынды иеленген
  • Бургер сатып алу бойынша ең үлкен чек Алматы қ. тіркелген – бір пайдаланушы 74 «McCombo Биг Мак» бургері мен алты «Хэппи мил» жиынтығына тапсырыс беріп, 151 700 теңге жұмсаған*

28 мамыр күні әлем бойынша халықаралық бургер күні аталып өтті. Glovo қазақстандықтар жасаған тапсырыстардың сараптамасын ұсынды, мұнда пайдаланушылардың осы фастфуд түріне деген ерекше сүйіспеншілігін байқауға болады.

2022 жыл ішінде Glovo Қазақстан курьерлері үш миллион екі жүз он мың алты жүз қырық бес​ (3.210.645) бургер (2021 жылмен салыстырғанда 23%  артық) жеткізген, бұл ел бойынша бір минутта орта есеппен алты бургер жеткізіліп отырған (күніне 8,7 мың бургерге көбірек немесе сағатына 367 бургерден) деген сөз. Осылайша, Glovo компаниясы үшін Қазақстан Орталық Азия өңірінде бургер тұтынымы бойынша ең жоғарғы көрсеткішпен бірінші орындағы ел болып отыр, ол өңір бойынша жалпы тұтыным көлемінің 47%-ын қамтиды.

Қазақстан әлемдік рейтингте алтыншы орынға ие болып, бургерлерді тұтыну бойынша тек Испания, Италия, Румыния, Польша және Португалия елдерін алға салған. Дегенмен, тек шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын есепке алатын болсақ, 2022 жылы Қазақстан бургерлердің әлемдік тұтынымының 31%-на тең көрсеткішпен әлем бойынша үшінші орынға көтерілді. Бұл елімізде тұтынылатын бургерлердің 20%-ын (яғни, әрбір тұтынылған бес бургердің біреуін) шағын кәсіпорындар өндіреді деген сөз, бұл азаматтардың ШОБ ынталандыруға және қолдау көрсетуге қатысты әлеуметтік хабары бар екенін көрсетеді.

Қазақстандықтар гамбургерді түскі ас кезінде, сондай-ақ кешкі асқа жегенді ұнатады, бірақ кешкі ас кезінде, әсіресе, нағыз қарбалас басталатын кешкі сағат жетіден бастап (19:00-ден кейін) гамбургерді тұтыну саны өседі. Орта есеппен күн сайын гамбургерлердің 35%-ы сағат 18:00 мен 21:00 аралығында тұтынылады, ал бургерлердің 27%-ы сағат 12:00 мен 15:00 аралығында тұтынылады екен. Ал егер апта ішіндегі күндерге қарай талдайтын болсақ, Қазақстанда бургерлерді тұтыну апта бойы ғаламдық экспоненциалды өсім тенденциясын ұстанады, ал демалыс күндері, әсіресе, сенбі күні бургерлердің апта сайынғы тұтынымының 16%-ына тең өсім көрсетеді (жұма-жексенбі аралығында бургерлерге түсетін тапсырыс апталық көлемнің 46%-ын құрайды).

2022 жылы Қазақстан қалаларында бургер тұтынымы бойынша ең үлкен қарбалас көрсеткен «алтын минут» 2022 жылғы 15 қазанда таңғы 10 сағат 13 минутта болған.

Желтоқсан айы жыл ішіндегі бургерлерге ең көп тапсырыс түскен ай болды, бұл айға жылдық тұтынымның 9,45%-ы тиесілі. Ай сайынғы өсім, ең төменгі көрсеткіш беретін қаңтар айынан бастап ең жоғарғы көрсеткіш көрсететін желтоқсан айына дейін, экспоненциалды деуге болады.

Ал, қалаларға келетін болсақ, ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қ. (жылдық тұтынымның 70,6%-ы) болған, Астана қ. – 11,7% және Шымкент қ. – 8,87%. Әйтсе де, 2021 жылға қарағанда бургерлер тұтынымы бойынша ең үлкен өсім көрсеткен қалаларды талдайтын болсақ, Ақтау (+170%), Атырау (+150%) және Павлодар (+99%) қалаларын ескеру қажет.

Ірі серіктес компаниялар деңгейінде қазақстандықтар 2022 жылы бургерлерді тұтынуға қатысты «Bahandi», «Food Solutions» (бұрынғы McDonalds) және «Gippo» компанияларын таңдаған екен. Ал егер тек шағын бизнесті (ШОБ) қарастыратын болсақ, «Rodnoi Burger», «BUQA» (Алматы қ.), «Black Star Burger», «Barakat Burger» (Алматы қ.) және «LIDO Pizza & Burger» (Павлодар қ.) ең танымал компаниялар болып табылады.

Тұтынушыларға тоқтала кетсек, 2022 жылы Қазақстанда 425 бургерге (бір уақытта жасалған бір тапсырыс емес, түрлі тапсырыс бойынша) тапсырыс берілген. Ал құрамында бургер бар бір тапсырысқа ең көп ақша жұмсаған пайдаланушыға келер болсақ, Алматы қ. «Food Solutions» компаниясында бір тапсырысқа 151 мың 700 теңге төлеген, ол тапсырыс ішінде: 74 «McCombo Биг Мак» бургері – фри картобы, кетчуп, «COCA-COLA» сусыны; алты «Хэппи Мил» жиынтығы – гамбургер, «фри» картобының кішкентай пакеті, «Piko Mini Мультифрукт» сусыны және бір қағаз пакет болған.

* «Food Solutions KZ» ЖШС – бұрын McDonald’s брендімен жұмыс істеген жылдам қызмет көрсету мейрамханаларының желісі.