«Тарихқа тағзым» атты концерттік кеші өтеді

2023 жылдың 31-ші мамыр күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залының сахнасында Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күніне арналған, дәстүрлі әншілер және күйшілердің  қатысуымен «Тарихқа тағзым» атты  концерттік кеші өтеді.       Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткерлері -Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Ақан Абдуалиев, Нұржан Жанпейісов, Еркін Шүкіманов,  Нүркен Әшіров және т.б. қатысады.

Кеште «Сазген сазы» фольклорлы – этнографиялық ансамблі өнер көрсетеді.