Хромтауда болашақ өндіріс мамандарының үздіктері анықталды

Моноқалада қазақстандық колледждерде техникалық мамандықтарды меңгеріп жатқан студенттер арасында өткен ERG Skills кәсіби шеберлік байқауы  мәресіне жетті.

Алғашқы кәсіби шеберлік байқауына еліміздің үш облысынан 14 оқу орны қатысты. Олар жақында ERG мен бірлесе құрылған колледждер Альянсына енген. Жұмысшы мамандықтарының 30 өкілі екі күн бойы үш бағыт бойынша: дәнекерлеу технологиясы, слесарь ісі, және электр монтаждаудан бақ сынасты. Барлық тапсырмалар тәжірибе жүзінде өтіп, студенттердің жұмысын кәсіби сарапшылар бағалады. Бұл байқауда тапсырмаларды орындап қана қоймай,  қауіпсіз жұмыс істей білу де керек болатын. ERG Skills додасы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы, Дөң тау-кен байыту комбинатының бұрыннан келе жатқан әлеуметтік серіктесі – Хромтау

тау-кен техникалық жоғары колледжінің базасында өтті.

Колледждер Альянсының жетекшісі Алма Айтуарова: «ERG Skills – колледждер Альянсы үшін маңызды оқиға. Біздің міндетіміз ERG кәсіпорындарына сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды дайындау болғандықтан, бұл байқау 2023 жылдың маусым айында өтетін Worldskills алдындағы студенттердің өз білімдерін тексеруге, бір-бірімен тәжірибе алмасуларына және психологиялық көзқарастарын сынауға бағаттылған. Болашақ мамандардың жоғары нәтиже көрсетуге дайын екендерін көріп отырмыз. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, ERG Skills аясында дөңгелек үстел өтіп, онда Қазақстанның екі университетімен меморандумға қол қойдық. Олар: Альянсқа кірген «Торайғыров университеті» КЕАҚ және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті. Енді біздің студенттер осы жоғарғы оқу орындарының материалдық-техникалық базасын, әдебиеттерін пайдаланып, оқуға түсу кезінде басымдыққа ие болады»

«Байқауға қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға рақмет. Сіздер қазірдің өзінде ең үздіксіздер. Біз сіздерді  ERG командасының құрамында күтеміз. Сіздерге қарап, бірнеше жылдан соң араларыңыздан біздің компанияның жетекшілері мен үздік қызметкерлері шығатынына сенімдімін. Топ кәсіпорындарының көптеген жетекшілері – сіздер білім алып жатқан колледждер мен ЖОО түлегі. Біз алдарына мақсат қоя білетін, биікке ұмтылатын және талантты жастарды бағалаймыз және сіздер үшін армандарыңыздағы жұмыс беруші болғымыз келеді», — деді шараның жабылу салтанатында бас директордың персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Ақмарал Найзабекова.

«Біз өте бақыттымыз. Жұмысымызды көрсете білдік, мықты тәжірибе жинадық, жаңа адамдармен таныстық. Бір-бірімізбен жарысып қана қоймай, достасып та үлгердік. Айтпақшы, мен және менің серіктесім Владислав екеуміз отбасымыздан өндірісте жұмыс істейтін бірінші адамдармыз», — деп «Слесарь ісі» құзыреттілігі бойынша бірінші орын алған жеңімпаз Виталий Дарашкевичус қуанышымен бөлісті.

Байқау басталғанша қатысушылар Хромтау қаласындағы қала құраушы кәсіпорын Дөң тау-кен байыту комбинатының цехтарына экскурсия жасады. Қонақтар ERG Green қалдықтарды өңдеу учаскесі мен «Дөң» кеншінің карьеріндегі өндірістік процестерді қызықтады.

ERG Skills байқауы енді жыл сайын ұйымдастырылмақ. Шын таланттар танылар дода 2024 жылы Ақсу қаласында өтеді.