Теңдік дауысы: UN Women және Air Astana авиацияда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағыт алады

«БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен Air Astana әуе компаниясы 23 қыркүйекте гендерлік теңдікті ілгерілетуде және авиациялық саладағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуде жаңа тарау ашатын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Авиациялық саладағы көптеген техникалық, операциялық және басшылық лауазымдарда әйелдер бұрынғысынша жеткіліксіз. 2025 жылы жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның авиациялық секторында 9500-ден астам әйел, соның ішінде 2005 бортсеріктер, 400-ге жуық инженер және 104 авиадиспетчер жұмыс істейді. Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің деректері бойынша еліміздің 1459 ұшқышының тек 34-і ғана әйелдер.

2026 жылғы 25 мамырда Air Astana «БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен БҰҰ Жаһандық шартының бірлескен бастамасы – Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына (Women’s Empowerment Principles, WEPs) қосылған аймақтағы алғашқы әуе компаниясы болды, ол бизнеске жұмыс орнында гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша практикалық ұсынымдар береді. Осы қадаммен Air Astana авиация саласындағы гендерлік рөлдер туралы қалыптасқан көзқарасты өзгертуге ұмтылысын растады.

Серіктестік гендерлік теңдік саласындағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының сараптамалық тәжірибесін және авиациялық саладағы Air Astana тәжірибесін біріктіреді. Меморандум шеңберінде тараптар бірлескен ақпараттық науқандарды, оның ішінде әйелдердің қауіпсіздігі мен амандығына бағытталған; әйелдер көшбасшылығын ілгерілету бойынша үздік тәжірибемен алмасады. Серіктестік қызметкерлерді тарту жөніндегі іс-шараларды және әйелдердің жаңа буынын авиациядағы мансапты таңдауға шабыттандыратын бастамаларды қолдауды көздейді.

“Бүгін біз “БҰҰ-әйелдер” құрылымы мен Орталық Азия авиациясында гендерлік теңдікті ілгерілетуде көшбасшылық танытатын Air Astana компаниясы арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалаймыз. Бұл серіктестіктің ерекше маңызы бар – ол орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде жеке сектордың қаншалықты маңызды рөл атқара алатынын көрсетеді, сонымен бір мезгілде өзінің кадрлық әлеуетін және болашақ көшбасшылардың резервін нығайтады. Біз гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін күш біріктіре отырып, кез келген биікке көтерілуге қабілетті екенімізге сенімдіміз”, – деп атап өтті Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін “БҰҰ-әйелдер” құрылымының Аймақтық директоры Белен Санс Лүке.

Қол қою рәсімі кезінде Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел компанияның жалдау, кәсіби даму және мансаптық ілгерілету саласындағы тең мүмкіндіктер қағидаттарына адалдығын растады.

“Әйелдер біздің қызметіміздің барлық бағытында, соның ішінде техникалық және операциялық функцияларда маңызды рөл атқарады. «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен серіктестік осы іргетасқа сүйенеді және біздің тең мүмкіндіктер мен инклюзияны ілгерілетуге бейілділігімізді көрсетеді. Ол бізге халықаралық сараптамаға және озық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ өз тәжірибемізді Қазақстанның және бүкіл аймақтың авиациялық саласымен бөлісуге мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Ибрахим Жанлыел.

Air Astana әйелдердің техникалық және ұшу мамандықтарына қызығушылығын арттыру үшін дәйекті түрде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта компанияда 645 ұшқыш жұмыс істейді, олардың 20-сы – әйелдер. Компанияның 598 техникалық маманы – 21 инженер-әйел мен механик. Басшылық деңгейде әйелдер жоғары менеджмент лауазымдарының 45% -ын, ал компания қызметкерлерінің жалпы санында 56% -ды құрайды.

Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары туралы (WEPs)

Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары (Women’s Empowerment Principles, WEPs) гендерлік теңдікті ілгерілету және жұмыс орнында, еңбек нарығында және қоғамдастықтарда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі бизнес үшін ұсынымдар жиынтығы.