Tiger Summer Fest фестиваліне 4 000 астам қонақ келді
5 тамыз күні Алматыдағы OFFTOP клубының алаңында Екінші жыл сайынғы Tiger Summer Fest сәтті өткізілді.
Tiger Summer Fest — Қазақстандағы әйгілі бренд фестивальдердің арасындағы ең бейресми фестиваль атағына ие болды. Фест тұжырымдамасына TIGER бренді жаһандық платформасының «UNCAGE» идеясы негіз етіп алынған. «UNCAGE» идеясы – өз болмысыңды, шығармашылық табандылығың мен еркіндігіңді қабылдау философиясы. Орталық Азия аумағында бұл идеяның мәнін ашу үшін
«ӨЗІҢДІ АШ — TIGER-ДІ АШ!» ұраны қолданылады.
ЖАҢА ӨНІМ! Tiger Beer — мұздай драфт!
Биылғы фестивальдің басты жаңалығы Tiger Beer-дің жаңа өнімі — сыра құюға арналған Tiger Blade инновациялық машиналары болды. Бұл шағын, әрі сәнді девайс кегадан құйылатын ыңғайсыз, ескірген жүйеге жауап ретінде шығарылған. Heineken компаниясының технологтары эксклюзивті түрде жасап шығарған Tiger Blade бірегей машинасының ауданы А4 парағының өлшеміндей ғана, орнатылуы оңай және қосымша қысым үшін газ қосу қажет емес. Сыра бірнеше секундта орнатылатын 8 литрлік бір реттік кегалардан құйылады. Ал сыра құюдың жоғары технологиялық әдісі кегадағы сусынның оттегімен әрекеттесуін болдырмайды, соның арқасында лагер ұзақ уақыт бойы балғын күйінде сақталады. Осы жылдан бастап Tiger-дің баламасы жоқ, сәнді девайстары Қазақстандағы үздік барлар мен мейрамханаларда орнатыла бастайды.
Тақырыптық фестивальде, дәстүр бойынша, 3 бағыттағы белсенді іс-шаралар ұсынылды: Tiger Street Food, Tiger Art және Tiger Music
ART
Фотоаумақ форматына фестиваль символы – бес метрлік полигональ жолбарыс қойылды. Биыл Repas көше суретшілерінің командасы жолбарысты Tiger Summer Fest 2023 түстеріне бояп шықты.
Фестиваль күні Tiger Tag Wall аумағы да жұмыс істеді. Бұл social-art жобаға граффити тег түрінде жасалып, фест қатысушыларының есімдері жазылған арнайы қабырғаға өз атын немесе никнеймін жазған 21 жасқа толған барлық қонақтар қатыса алды. Фестивальде Tiger Can Create көрмесі жалғасын тауып, екінші рет көрермен назарына ұсынылды. Tiger Beer құтылары мен жұмсақ неоннан жасалған 12 креативті инсталляциядан тұратын экспозиция бұл жолы да келушілердің көңілінен шықты. Алғашқы көрме 2022 жылы желтоқсанда өткен болатын.
FOOD
Tiger Summer Fest үшін арнайы бірегей паназиялық тағамдар мәзірі әзірленіп, оған дәстүрлі азиялық стрит-фуд, авторлық және вегетариандық тағамдар енгізілді. Фестиваль аумағында бір уақытта 6 Tiger Street Food нүктесі жұмыс істеді, бұл фестиваль жиі өтетін Алматыға тән әдеттегі жағдай — фуд-корттағы ұзын-сонар кезектің алдын алуға септігін тигізді.
MUSIC
Сахнада қазақстандық хип-хоп орындаушы SHIZA (Шымкент), Lie Lie инди-рок-тобы (Шымкент) мен yes/no/notsure инди тобы (Қарағанды) өнер көрсетті.
Ақын, артист, әрі музыкант SAMRATTAMA фестиваль үшін Savage Qyz бренді арнайы дайындап берген костюм — Tiger Beer құтыларының «кілтшелерінен» жасалған сауытты киіп, өзінің хит әндері мен жаңа EP альбомына енген бірнеше туындыны шырқады.
Фестивальдегі тоқтаусыз би үшін DJ Steppa-T, DJ Pluzhnik, DJ Kritechno мен DJ Varfalamei жауап берді.
Фестивальге арнайы шақырылған қонақтар — Санкт-Петербордан келген Animal ДжаZ тобы.
Және фестиваль хедлайнерлері — әлемдік альтернативті сахна аңызына айналған Guano Apes тобы Қазақстанға алғаш рет келді.
ENTERTAINMENT
Күні бойы қонақтар қызықты Tiger-квестен өтті, фестпен таныстыруға арналған турға 21 жастан асқан қонақтар қатысты. Квест шарттары: Tiger Bar-ға бару, фуд-корттағы ерекше тағамдардан дәм тату, балансборда өзін сынап көру, үш ұпайлық доп лақтыру, Tiger Tag Wall-ға өз атын немесе никнеймін жазып, Сингапурға 2 адамға арналған жолдама ұтысына қатысу. Ұтыс нәтижесінде жолдаманы Мерген Бембеев ұтып алды.