Қырғызстаннан ел аумағына 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға заңсыз темекі өнімдерін темір жолмен әкелмек болған

ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр.
Мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.