Тунджай Озилханға ресми сапар барысында Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды

«Anadolu Group» директорлар кеңесінің төрағасы Тунджай Озилхан компанияның Қазақстандағы тарихы 1997 жылы дәл осы кәсіпорынмен басталған Қарағандыдағы «Эфес Қазақстан» сыра қайнату зауытында болды. Бір қызығы, Колос зауытын сатып алу Anadolu Efes компаниясының Түркиядан тысқары жерлердегі алғашқы халықаралық инвестициясы.
Құрметті қонақтар мен серіктестердің қатысуымен өткен ресми салтанатты шара аясында Озилхан мырзаның көп жылғы кәсіби біліктілігі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасы табыс етілді.
Сатып алғаннан бері зауыт ауқымды жаңғыртудан өтті. Жалпы инвестиция көлемі 46 миллион АҚШ долларын құрады. Осы жылдар ішінде заманауи өндіріс желілері орнатылды. Соның арқасында өндіріс көлемі халықаралық сапа стандарттарын сақтай отырып, көрсеткіштер 1998 жылғы 9 миллион литрден 2024 жылы 98 миллион литрге дейін 11 еседен астам өсті.
Бүгінде Қарағанды зауыты 400-ге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етіп, өткен жылдың өзінде бюджетке 8 миллиард теңгеден астам қаржы аударған қаладағы ірі салық төлеушілердің бірі.
Anadolu Efes алғашқы Интеграцияланған жылдық есебін жариялады
Тунджай Озилхан өз сөзінде көрсетілген құрмет үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, Түркия мен Қазақстан арасындағы жемісті серіктестіктің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің алғашқы күндерінен бастап Efes Kazakhstan корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, тұрақты дамуды, экологиялық бастамаларды, жергілікті қауымдастықтар мен инфрақұрылымдық жобаларды қолдау қағидаттарын ұстанғанын атап өтті.
Қала билігінің өкілдері де зауыттың облыс экономикасына қосқан қомақты үлесін атап өтіп, Қарағандының Anadolu Group инвестициясын бастаған Қазақстандағы алғашқы қала болғанын мақтанышпен жеткізді. Екі жақ та алдағы уақытта да табысты және өзара тиімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Салтанатты шара Түркия мен Қазақстан халықтары арасындағы сыйластық пен достықтың символы болған Озилхан мырзаға дәстүрлі шапан тартумен аяқталды.
Anadolu Group Қазақстанда 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді, сыра қайнату және алкогольсіз сусындар салаларына инвестицияларын тұрақты түрде кеңейтіп, болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді құндылық пен экономикалық мүмкіндіктер жасайды.