«Ұлттық жоба» бағдарламасының мақсаты қандай?!
«Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер субсидиялау құралы арқылы мемлекеттік қолдау арқылы жобалық қаржыландыруды ала алады, бұл кәсіпкер үшін несиелік жүктемені азайтады.
Қазіргі уақытта «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша Ұлттық жоба аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде өтініштер қаралуда.
Субсидиялау бағдарламасының шарттары:
Максималды сома – 3 млрд теңгеге дейін.
Субсидия сомасы — жылына 13-14% дейін*.
Субсидиялау мерзімі:
▪ инвестициялар үшін – 5 жылдан аспайды,
▪ айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 жылдан аспайды.
Салалар бойынша талаптар – басым жобалар тізімі бойынша.
*ҚҰБ базалық мөлшерлемесі төмендеген кезде субсидиялар мөлшері ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің төмендеген мәніне пропорционалды түрде азаяды.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты 1408 телефоны бойынша байланыс орталығынан немесе жобаның орналасқан жеріндегі «Даму» Қорының аймақтық филиалдарынан алуға болады.