Отандық өндірушілер үшін жақсы жаңалық

«Даму Өндіріс» жеңілдікті несиелеу бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на 5 102 864 175 теңге қаражат түсті. Оның ішінде:

1 транш үшін – 3 562 413 325 теңге.

2-ші траншқа – 1 385 010 090 теңге.

3-ші траншқа – 155 440 760 теңге.

«Даму Өндіріс» бағдарламасы өңдеу өнеркәсібіндегі экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Бағдарлама шарттары:

Ең жоғары сома – 3 млрд 600 млн теңгеге дейін (тамақ өнеркәсібіндегі жобаларға шектеу жоқ).

Несие мерзімі – 84 айға дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-ға дейін.

Мақсатты сегмент – басым салалар тізбесі бойынша.

Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін жоба жүзеге асырылып жатқан жердегі «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Анықтамалар үшін байланыс орталығы: 1408.