WeChat Қазақстанда! ЦКБ сауда нүктелеріне WeChat Pay арқылы төлем қабылдау мүмкіндігін сыйлайды

Қазақстанда WeChat Pay көмегімен төлем қабылдаудың жаңа әдісі пайда болды, ол ЦентрКредит Банкі арқылы кәсіпкерлерге қолжетімді. Төлем сервисі Қытайдың танымал WeChat мессенджері негізінде жұмыс істейді. Әлем бойынша ай сайын 800 миллионнан астам адам осы төлем жүйесін пайдаланады.

Бұл сервис Қытай туристерімен жұмыс істейтін немесе болашақта жұмыс істеуді жоспарлап жүрген кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Мәселен, мейрамханалар, кафе, қонақ үйлер, дүкендер немесе туристік қызметтер үшін қолайлы болмақ.

«Бизнес-клиенттерімізден Қытай туристері өздеріне таныс WeChat Pay сервисі арқылы төлем жасағысы келетіні жайлы жиі өтініштер түседі, сол себепті біз осы функцияны жүзеге асыруға кірістік. Қазақстанға Қытайдан 500 мыңнан астам турист келеді, сондықтан бұл сервис қазақстандық кәсіпкерлерге орташа сатылымды ұлғайтуға және бизнес көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді деп санаймыз. Өз кезегінде туристер қолма-қол ақша пайдаланбай, валюта айырбастау қажеттігінен құтылады», – деп түсіндірді ЦентрКредит Банкінің вице-президенті Дмитрий Жилин.

WeChat Pay арқылы төлем POS-терминал экранында көрсетілетін QR-код бойынша байланыссыз түрде жүзеге асырылады. Сатып алушыға тек өз смартфонындағы WeChat қосымшасын ашып, QR-кодты сканерлеу және төлемді растау жеткілікті.

Қазіргі уақытта ЦентрКредит Банкі тестілеу кезеңін аяқтауда және кәсіпкерлерді WeChat Pay арқылы төлем қабылдайтын Қазақстандағы алғашқы кәсіпкерлердің қатарында болуға шақырады. Ол үшін банкте есеп айырысу шоты мен POS-терминал болуы қажет.

Қызмет туралы толығырақ ақпаратты 605 нөмірі арқылы мобильді телефонмен тегін қоңырау шалып білуге болады.