Зерттеуші педагогтар XXX Еуропалық ECER конференциясында жаңашыл ойларымен бөлісті
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің зерттеуші- мұғалімдері Манашева В. К., Муканова М. А., Бесенбаева Г. С., Себепбаева Б. Л. , Ахметова Г., Арыстанова Г. , Кипрдің Никосия қаласында өткен XXX ECER-2024 Еуропалық білім беруді зерттеу конференциясына қатысып келді.
Әлемнің 71 елінен 2300 қатысушы жиналған ауқымды шара қатысушылары жоғары сапалы білім беру зерттеулерді талдады, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Зияткерлік мектеп мұғалімдері STEM зерттеу бағытында баяндамаларын әріптестрінің назарларына панельдік сессияларда ұсынды.
Мұғалімдер сабақтарында академиялық оқытуды зертеулік жұмыстарымен ұштастырып, пәндерді біріктіру арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту тақырыбындағы тұжырымдылары еуропалық сарапшылардың қызығушылығын тудырды.
Мектеп қабырғасында өткен оқу жылы «STEAM lab» оқыту жобасы қолға алынып, зерттеуші- мұғалімдер пән аралық әдістеме оқыту үрдісінің дамуына ықпал ететінін іс жүзінде көрсете білді. Мұғалім-новаторлар пән аралық әдістеме арқылы оқушыларды күрделі сұрақтар мен құбылыстарды түсіндіріп, жауап іздеуге ынталандырды.
Конференцияға ұсынған зерттеулері мен ізденістері білімордада біріктіріп өткізген сабақтарының қорытындысы болды.