Жаяу жүру қосымша интернет-трафик алуға көмектеседі

Тұрақты серуендеу физикалық және психикалық денсаулықты сақтауға ықпал ететіні бұрыннан мәлім. «Гигтер үшін жүр» қызметі арқылы activ ұялы байланыс операторы өз абоненттеріне физикалық белсенділікті сақтауға қосымша мотивация жбереді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша күнделікті түрде шамамен 10 000 қадам жасау керек. Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, бұл қадамдық мақсат жүрек денсаулығын жақсартады, қандағы нашар холестерин деңгейін төмендетеді, инсулин өндірісін мен психикалық денсаулықты қалпына келтіреді. activ қосымша мотивация жасай отырып, өз абоненттерін күнделікті белсенділік нормаларын сақтауға шақырады. Осылайша, күніне 5 мың қадамнан өту кезінде абоненттер негізгі интернет-пакетке қосылған 500 бонустық МБ алады. Бонустық МБ үш күндік жарамдылық мерзімімен күніне бір рет есептелуі мүмкін, ал жаңа бонустық МБ бұрынғылардың әрекет ету мерзімін тағы үш күнге ұзартады. Осылайша, activ абоненттері айына қосымша 15 ГБ трафик ала алады.

Бонус трафигін алу үшін activ супер қолданбасын жүктеп алып, авторизациядан өту керек. «Гигтер үшін жүр» қызметін* қосу арқылы бонустық МБ есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Мақсат еткен қадам санына жеткенде сіз push-хабарлама аласыз. Қызмет «TOP S», «TOP M», «TOP L», «TOP XL» тарифтік жоспарлары үшін ағымдағы тариф бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда қолжетімді. Еске сала кетейік, егер сіз күніне 5 мыңнан аз қадам басып өтсеңіз, бонус есептелмейді, activ Health Kit («Денсаулық») немесе Google Fit қолданбаларындағы қадам деректерін пайдаланады.

*Қызмет көрсету шарттары өзгеруі мүмкін, бұл жағдайда оператор абоненттерді алдын ала хабардар етеді