KITF 2023 «Туризм және Саяхат» халықаралық көрмесінде жаңа мекендер таныстырылды

Алматыда 21-ші рет KITF 2023 «Туризм және Саяхат» халықаралық көрмесі өткізіліп, индустрия сарапшылары мен сала көшбасшыларының басын қосты. Оның ішінде үш күнге жалғасқан шара туристік қауымдастықтар, туроператорлар мен турагенттер, авиажелілер мен авиа агенттіктер, қонақ үйлер мен санаторийлер, бизнес басшылары, пікір көшбасшылары және травел-блогерлер үшін бірыңғай бизнес-алаңға айналды.

Көрмеге әлемнің 22 елінен 200-ден астамкомпания қатысты. Әзірбайжан, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Иордания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Ресей Федерациясының Новгород облысы, Словения, Хорватия және Оңтүстік Корея Кенгидо провинциясы сияқты елдердің ұлттық және аймақтық стендтері көрме қонақтарын демалу мен ұлттық ерекшелікке арналған мүмкіндіктерімен таныстырды. Сондай-ақ Греция, Египет, Үндістан, БАӘ, Ресей, Сейшел аралдары, Таиланд, Түркия және Жапониядан тәуелсіз және ұжымдық стендтері бар компаниялар ұсынылды.

Қазақстандық ірі және халықаралық Kompas, Kazunion/ RUSTAR, Selfie Travel және  FUN&SUN туроператорлары да осы көктемдегі экспозицияда ұсынылды, онда тұрақты және жаңа серіктес-турагенттерге арналған жаңартылған бағдарламалар таныстырылды. FUN&SUN туроператорының стенді қазіргі уақытта коммерциялық ұйымдардың ішіндегі ең үлкені, биылғы жылы ауданы 288 шаршы метрге дейін ұлғайтылды.

Air Astana, Scat/Sunday Airlines, Flyarystan сияқты тұрақты халықаралық, ішкі және чартерлік рейстер жасайтын ірі қазақстандық авиакомпаниялар да жылдағы дәстүр бойынша көрмеге қатысты.  Көрмеге келушілер биылғы жылдың ашылуына айналған Air Seychelles-пен, сондай-ақ Azerbaijan Airlines, Turkish Airlines секілді шетелдік компаниялар қызметімен танысты. 

Aerotur – авиа және т/ж билеттерін іздеу және ресімдеу платформасын, сондай –ақ қонақүйлерде, отельдерде және апартаменттерде орналастырудың тиімді нұсқаларын ұсынатын агенттік; Sirena Travel-авиакомпаниялардың, авиатасымалдарды сату жөніндегі агенттіктердің, әуежайлардың, туроператорлар мен қонақ үйлердің бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық технологиялардың дистрибьюторы және жеткізушісі; XIRTIZ company-медициналық туризм саласында қызмет көрсететін түрік компаниясы; RATE HAWK, Emerging travel компаниялар тобының бөлігі-travel кәсіпқойлары үшін ең жылдам дамып келе жатқан платформалардың бірі көрме экспоненттері ретінде алғаш рет қатысты.

Қазақстандық стендтер тобының ерекше, жаңартылған дизайны экспозицияның ерекшелігі болды. Президенттің бұйрығымен 2022 жылы құрылған Қазақстанның жаңа өңірлері – Жетісу және Ұлытау облыстары алғаш рет өз дестинацияларында туризм мүмкіндіктерін көрсетті. Жалпы көрмеге Қазақстанның 16 облысы және республикалық маңызы бар 2 қала ұсынылды. Оның ішінде Түркістан мен Шығыс Қазақстан өңірлеріңін көрікті мекендері мен туристтік қызметтері таныстырылды.

KITF Medical tourism бөлімі кәсіпқойларға Әзірбайжан, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Ресей, Словения, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея сияқты елдердегі отандық және шетелдік мекемелерде емдеу және сауықтыру сияқты өніммен жұмыс істеудің барлық қыр-сыры аян болды.

Көрменің барлық күнінде іскерлік бағдарлама жоспарланып, семинарлар мен презентациялар, оқыту бағдарламалары, көрмеге қатысушылардың мастер-кластары, тікелей көрме стендтеріндегі маркетингтік белсенділіктер өткізілді. Өткен жылы сәтті іске қосылған конференция алаңы 2023 жылы мүлдем жаңа форматта-Travel Success Academy қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды KITF Travel Forum-да ұсынылды. KITF Travel Forum-бұл белсенді тірі байланыс, сапалы нетворкинг, стратегиялық сессиялар, сондай-ақ саланың үздік мамандарының оқыту кейстері қарастырылды.

Көрме индустриясының сарапшыларымен KITF көрмесіне алаңның B2B халықаралық стандарттарына сәйкестігі үшін UFI (Дүниежүзілік көрме индустриясы Қауымдастығы) сапа белгісі берілді.

KITF 2023 көрмесінің ресми серіктесі -KOMPAS компаниясы. TRAVEL SUCCESS ACADEMY көрмесінің іскерлік бағдарламасының серіктесі.

Көрмені Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырды.