Жетісу облысында жүйелі проблемалық мәселелердің Картасы әзірленеді
Жалпы Ақсу, Ескелді, Көксу аудандарында АӨК саласының көрсеткіштері төмен, Ескелді ауданында өткен жылы бірде-бір инвестициялық жоба іске асырылмаған. Осындай кемшіліктерге байланысты аудан басшылары тиісті іс-шаралар қабылдауы керек. Спикердің айтуынша, өткен жылы пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 128,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, облыстың өңіраралық геоақпараттық жүйесіне енгізілді. Осы ретте Ақсу ауданы әкімдігі атқаруы тиіс мониторингілеу жұмысын облыстық жер қатынастары басқармасы мамандарының аяқтауына тура келген. Жалпы 2023 жылға қайтарылып алынатын жер көлемінің жоспары 220 мың гектар болып отыр. Жерлерді қайтару мәселесі бойынша облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев та бірқатар мәліметтер берді. Ол бір жарым жыл бұрын заңға енгізілген өзгерістер бойынша жергілікті жердегі әкімдер елді мекендер маңайындағы жайылымдық жерлерді мәжбүрлі түрде ала алатынын айтты. Ол үшін жайылымдарды басқару жоспарын әзірлеу керек. Мұндай жоспар Талдықорған мен Текелі қалаларынан басқа аудандардың ешқайсысында жасалмаған. Бұл өз кезегінде жайылымдық жерлерді қайтару жұмыстарының баяу жүруіне әкеп соқтыруда. Ә.Жақанбаев өз баяндамасында заңсыз құрылыс және құрылыс жұмыстарының сапасы туралы мәселелерге де тоқталды. Бұл ретте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылыс сапасын бақылаушы басты орган ретінде жұмысын жүйелі жүргізуі тиіс. Басқарма өз жұмысын тек тұрғындар шағымы бойынша ғана атқарып қоймай, құрылыс сапасын жақсарту жұмыстарында бастамашы болуы керек. Сонымен қатар жобалау мен құрылыс жұмыстарының сапасына техникалық бақылау жасайтын мекемелерді лицензиялау мен мамандарды аттестациялау ісі де жіті қадағалауды қажет етеді. «Құрылысты сапалы, уақытылы аяқтауға әсерін тигезетін фактордың тағы бірі — мемлекеттік сатып алудағы әлеуеті төмен және жергілікті емес, базасы жоқ мердігерлердің бағаны төмен ұсынып, ұтып алуы. Бұған жол бермес үшін мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізгенде жергілікті мердігерлерге басымдылық беретін тетіктерді енгізу туралы орталық атқарушы органдарға ұсыныс енгізілуі қажет, сонымен қатар жауапсыз мердігерлерге уақытылы шара қолданып, жосықсыз деп тануға сотқа талап арыз беру керек деп санаймын», — деді Ә.Жақанбаев. Осы ретте тұрғын үйдің өзекті мәселелері туралы облыс прокуроры М.Басшыбаевтың айтқан мәліметтерін де келтіре кеткен жөн. Облыс прокурорының айтуынша өңірде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді бөлу кезінде бірқатар заңсыздықтарға жол берілгені анықталған. Талдықорғандағы коттедж қалашығындағы үйлердің сапасына қатысты да «Коттедж қалашығында 200-ден астам үй салынып бітпеген, тек қаңқасы ғана тұр. 14 үйді әлі салып бастамаған. Мемлекетке келтірілген шығын жарты миллиард теңге. Тексеру жүріп жатыр. Халықтың әлеуметтік әлжауаз тобына берілген үйлердің құжаттарын заңдастыру жалғасуда. Тұрғын үйлердің бақылаусыз берілуі жекелеген адамдардың пайда көзіне айнала бастаған. Осы ретте бірнеше адам ұсталып, қылмыстық істер қозғалды. Қазір тұрғын үй беру кезегінің сақталуы мен үй берудің заңдылығы мен ашықтығын сақтау бағытында Талдықорған қаласы әкімдігімен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Электронды кезек қалыптастыру жұмыстары аяқталуға жақын», — деді М.Басшыбаев. Облыс әкімі құрылыс саласындағы кемшіліктер туралы ойды жалғастыра келе, тиісті басқармалар мен жергілікті әкімдердің баса назар аударуға тиіс мәселелерін атап өтті: — Құрылыс сапасы әрдайым алғашқы орында тұруы керек. Сапасыз салынған жаңа құрылыс аз уақытта апатты құрылысқа айналып, тұрғындардың өміріне қауіп туғызуы мүмкін. Сондықтан жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуден бастап құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдеріне қатаң бақылау болуы керек. Бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыс объектілерін сапалы қабылдап алудың бірыңғай тәртібін белгілеу қажет. Жалпы алғанда, аудан әкімдері тапсырыс беруші болмаса да, өз өңірінде жүргізіліп жатқан құрылыс немес жөндеу жұмыстарына тікелей жауапты. Осы ретте Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасы 10 күн ішінде осы мәселе бойынша ұсыныс енгізсін, — деді облыс басшысы.
Жаңалықтар
-
Алматы облысында референдум күні 71 сәби дүниеге келді
06.10.2024, 20:11 -
АЭС бойынша референдум: Алматылық студент туған күнін ерекше қарсы алды
06.10.2024, 16:39 -
Алматылық жастар референдумға белсенді қатысуда
06.10.2024, 16:01
Сайт туралы
NAZARMEDIA — сайты мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде Nazarmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді.
Бізбен байланыс
Тел.: +7 777 971 5767
E-mail: nazarmedia.kz@gmail.com
WhatsApp: +7 777 971 5767
Мобильдік қосымша
Сайтымыздың мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.