«Жібек жолы мың шақырымдық сапары» медиа тобы Қазақстанға келді

Қытай мен Қазақстан БАҚ ынтымақтастығын тереңдету аясында «ШЫҰ жолы – Алға!» ұранымен өткен «Жібек жолы мың шақырымдық сапары» ауқымды халықаралық мультимедиялық жобасының журналистер тобы Қазақстанның Алматы қаласына келді. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңызды түйін мемлекеттерінің бірі ретінде Қазақстан өзіне тән географиялық артықшылығы мен мәдени тартымдылығымен бұл сапарда негізгі назарға алынды.
Биыл қытай композиторы Сянь Синхайдың туғанына 120 жыл толуына орай, түсірілім тобы Алматыдағы оның есімімен аталған көшеде болып, бұл есімді еске алу арқылы халықтар арасындағы достықты паш етті. Сондай-ақ, Алматы метросының «Жібек жолы» бекетінде «Жібек жолы» тақырыбының заманауи қала өмірінде қалай жалғасып жатқанын көрді. Бекет қабырғаларында Шығыс пен Батыс өркениеттерінің тоғысуын бейнелейтін суреттер бейнеленген.
Журналистер тобы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіне де барып, «Есік Алтын адамы» және өзге де тарихи жәдігерлермен танысып, көрермендерге Қазақстан тарихын кеңінен таныстырды.

Қытай 2024–2025 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде. Биыл ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Екінші Телевизия фестивалі Сиань қаласында өтті. «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жоғары сапалы дамыту және ШЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Шэньси радиотелевизия тобы «2025 Жібек жолы мың шақырымдық сапары» жобасын іске қосты.
Сапар барысында «Жібек жолындағы әңгімелер», «Жібек жолы ғажайыптары», «Жібек жолы далалары мен таулары», «Жібек жолы дәмін іздеу», «BYD бренді сәттері» секілді айдарлар аясында тікелей эфирлер мен түрлі форматтағы хабарлар жүргізіледі. Жоба қазақстандық және халықаралық ақпарат алаңдарында кеңінен насихатталады.
«Жібек жолы мың шақырымдық сапары» жобасы 2014 жылдан бері өтіп келеді. Ол Жібек жолы рухын дәріптеп, заманауи тарихты жазып, өркениеттерді байланыстырып, Қытайдың әлемге ашық бейнесін көрсетуді мақсат етеді. Осы уақыт ішінде жоба тобы 53 ел мен аймақты, жүздеген тарихи қала мен миллиондаған шақырым жолды артқа тастап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ауқымды идеядан жоғары сапалы дамуға жету жолын көзбен көріп, камерамен бекітті.
Telegram-канал: «Жібек жолы мың шақырымдық сапары» медиа тобы Қазақстанға келді



