ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды Халықаралық еске алу күні қарсаңында Қазақстанда коммюнике қабылданды
ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды Халықаралық еске алу күні қарсаңында ШЕОА елдеріндегі ЮНЭЙДС өңірлік директоры Эмонн Мерфи, ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Б. Байсеркин және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының президенті Н.Аманжолов бірлескен коммюникені қабылдады.
Құжатта жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде атап өтілетін 2023 жылғы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың халықаралық күнінде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдардың есімдерін құрметтеу, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы әлі емделмейтін аурулар қатарына жататындығын, оның алдын алу шаралары және адамдарды бұл індеттен құтқару үшін не істеуге болатындығы туралы ойлану маңызды екендігі атап өтілген. Эпидемия басталғаннан бері бүкіл әлемде 84,2 миллионнан астам адам АИТВ жұқтырған және 40,1 миллионнан астам адам ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болған.
«Қазақстан АИТВ-ға қарсы іс-қимылдың сенімді және тұрақты жүйесін құруға ерекше назар аударады: соңғы 12 жылда антиретровирустық терапиямен қамту 19 есеге ұлғайды. 2022 жылы АИТВ-жағдайын білетін адамдардың 84% — ы ем қабылдады. Қазақстан ДДҰ мен ЮНЭЙДС-тың АИТВ-ның алдын алу жөніндегі көптеген хаттамалары мен ұсынымдарын қабылдады. Ел АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі жаһандық әріптестікке қосылды», — деп атап өтті ҚДИАҒО директоры Б.Байсеркин.
Алайда, бүкіл әлемде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің жоғары деңгейі әлі де сақталуда. ҚР-да 2023-2026 жылдарға арналған ҚР-да АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Жол картасына енгізілген нормативтік құқықтық құжаттарды қылмыссыздандыру шаралары қабылдануда.
«Алайда бұл заңды қолдану шектеулі болды және соңғы 5 жылда елде АИТВ жұқтырғаны үшін кемінде он бас бостандығынан айыру оқиғасы тіркелген. Осыған қарамастан, мұндай заңның болуы АИТВ — мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке ықпал етуде және адамдарды АИТВ — ны тестілеу және емдеу қызметтеріне жүгінуден алшақтатуда», — деп атап өтті АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының президенті Н. Аманжолов.
Жақында ҚР Үкіметінің АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың бала асырап алуы үшін құқықтық кедергілерді жою туралы шешімі АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жою жолындағы оң қадам болып табылады. Заңнамадағы басқа да прогрессивті, дәлелді өзгерістер дайындалуда.
«Өз саясаты мен бағдарламаларын декларацияның мақсаттарымен келісе отырып, Қазақстан ЖИТС індетін тоқтату жолындағы прогресті жеделдете алады. Қазақстан адамдарға медициналық көмекке жүгінуге кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюда үлгі көрсете отырып, АИТВ — ны тоқтату ісінде өңірлік көшбасшы бола алады», — деп түйіндеді ШЕОА елдеріндегі ЮНЭЙДС өңірлік директоры Эмонн Мерфи.
Коммюникенің толық мәтінімен келесі сілтемеден танысуға болады: https://kncdiz.kz/kk/research_work/page62170/
ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың халықаралық күні ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен ынтымақтастық білдіру, тестілеу қажеттілігі туралы хабардар ету, АИТВ-инфекциясы әрқайсымызға әсер етуі мүмкін деп ойлау мақсатында өткізіледі.
Еске алу күні алғаш рет 1983 жылы Сан-Францискода АҚШ-та болып өткен. 1991 жылы калифорниялық суретші Фрэнк Мур ЖИТС-пен күресудің символын жасады, яғни бұл күні эпидемиядан зардап шеккендермен ынтымақтастық белгісі ретінде киімге бекітілген қызыл бау тағу. Тағы бір атап өтетін символ – ЖИТС-тен қайтыс болғандардың есімдері жазылған құрақ мата -квилт. Қайтыс болған адамдарды еске алу үшін шамдар жағылатын болады.