Жол жүру ақысын қалайша үнемдеуге және таксиге тиімді төлем болады

Отандық JET электрлісамокаттарды жалға беру сервисі қазақстандықтарға такси қызметін пайдаланбастан қалада жиі жол жүрген кезде ақшаны қалай үнемдеуге болатынын айтып берді.

JET мобильді қолданбасында барлық пайдаланушыларға Plus ақылы жазылымы ұсынылады. Бұл – нөлдік бастауға, белсендірулердің шексіз санына және ең бастысы – “Минуттар топтамасына” жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

Бұл бастамаға JET бас директоры Мусалав Әлібеков былай деп түсініктеме берді: “Біз қызметімізді пайдалану тәжірибесін жақсарта түсу үшін үнемі жұмыс істейміз. Егер таксимен жүру құны үнемі өсіп отырса, JET-те біз адамдар жұмысқа және үйге негізгі жол жүру ақысын артық төлемейтіндей тарифтерді таңдауға тырысамыз. Біздің қолданбамыздағы Plus жазылымы – сапардың барынша артықшылықтарын пайдаланғысы келетіндерге арналған. Нөлдік старт пен электросамокаттарын тегін ауыстыруды қоса алғанда, ол “Минуттар топтамасына” айтарлықтай жеңілдік алуға мүмкіндік береді. Сонымен, Алматыда он бес минуттық топтама таксимен бір сапарға қарағанда 4 есе, кейде 5 есе тиімдірек. Біз қазақстандықтарға қалада артық шығынсыз жайлы және еркін қозғалуға арналған жеке абонементті ұсынамыз”.

Естеріңізге сала кетейік, жақында JET тиімді көлік сапарлары үшін “Минуттар топтамасы” опциясын іске қосты. Қажеттілігіне қарай, пайдаланушыға бірнеше пакет ұсынылады: 15 немесе 20*, 30, 60 және 100 минут. Бұл ретте топтамадағы минуттар неғұрлым көп болса, оның құны мен қолданылу ұзақтығы соғұрлым аз болады. Осылайша, жүз минуттық топтаманы екі апта бойы пайдалануға болады. Сонымен қатар “Минуттар топтамасы” ақша үнемдеуге және самокатты қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді. Минуттар топтамасымен және Plus жазылымымен уақыт енді жылдамдықты белгілемейді.

Plus жазылымын және “Минуттар топтамасын” JET мобильді қолданбасында пайдалануға болады. Жазылым туралы ақпарат жоғарғы сол жақ бұрышта немесе Пайдаланушы профилінде қолжетімді, ал топтаманы – электрлісамокатты жалға алмас бұрын сатып алуға болады. QR кодын сканерлегеннен кейін немесе электрлі самокаттың нөмірін енгізгеннен кейін қолданба интерфейсінде ұсынысы бар көк сызықша пайда болады. Оған өткеннен кейін пайдаланушыға төрт топтаманың бірін таңдау ұсынылады.

 15 минуттың орнына 20 минутқа – минуттар пакеті, Шымкентте қолжетімді.