Алматы тұрғындары жаңа «Эко Станцияда» пластик пен басқа да қалдықтарды тапсыра алады
Алғаш рет Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) өзінің серіктесі Ecosen компаниясымен бірге кеңсесінің аумағында экостанция ашты.
Тұрақты өмір салтын ұстанатын адамдарға ыңғайлы болу үшін идея авторлары қалдықтардың мүмкіндігінше көп түрін қабылдауға шешім қабылдады, бұл пластикті, сондай-ақ басқа қалдықтарды жинау және сұрыптау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Жаңа экостанция қайта өңдеуге болатын материалдардың 11 түрін қабылдайды (PET 1, HDPE 2, LDPE 4, PP 5 таңбаланған пластик; GL 70 таңбаланған түссіз шыны; металл; консерві банкалар (ALU 41); үлкен және шағын электроника; батареялар; макулатура (PAP 20, PAP 21, PAP 22, PAP 23); картон және гофрленген картон).
Сондай-ақ, Ecosen Компаниясы пайдаланушы тапсыратын қалдықтардың көлемі жазылатын және олар үшін ұпайлар есептелетін аттас мобильді қосымшаны әзірледі. Ұпайларды онлайн-дүкенде пайдалы эко-тауарларға айырбастауға болады, мысалы, эко-сөмкелер, сауда сөмкелері, қайта пайдалануға болатын шыныаяқтар және т.б., осылайша халықты көбірек жинауға және жаңа пайдаланушыларды тартуға ынталандырады, ал тамыз айының соңына дейін бұл ұпайларды 2 қыркүйекте Алматы қаласының Орталық стадионында өтетін Coke Studio Festival билеттеріне айырбастауға болады.
CCI Kazakshtan кәдеге жарату төлемінің жауапты төлеушісі болып табылады, мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін орындайды, алайда, бұдан басқа, Қазақстан бойынша пластик пен басқа да қалдықтарды жинауға, қайта өңдеуге бағытталған түрлі жобаларға қосымша инвестиция салады. Айта кету керек, Компания көптеген жылдар бойы өз қызметінің барлық салаларында бизнесті тұрақты ету үшін жұмыс істеп келеді. Соңғы бірнеше жылда Компания өзінің әлеуметтік және экологиялық бастамаларының санын арттырып қана қоймай, сонымен қатар өз алдына өте өршіл міндеттер қойып отыр, мысалы, 2030 жылға қарай CCI Kazakhstan компаниясы Қазақстан нарығына шығаратын қаптаманың 100% баламалы көлемін жинауды жоспарлап отыр.
«Қалдықтарды жинау және қайта өңдеу мәселесі біз үшін әрқашан маңызды болды, біздің компания бұл мәселені мемлекетпен, табиғатты қорғау белсенділерімен және қоғаммен бірлесіп шешу үшін тығыз жұмыс істейді. Қазақстандағы бас кеңсеміздің аумағында станцияның ашылуы- қалада қалдықтарды бөлек жинауға жағдай жасау жолындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады. Біз алматылықтардың тілектерін естиміз және ұзақ мерзімді, тұрақты және ашық шешімдерді табуға тырысамыз. Мұндай бастамалар бізді қолдауға және бізге қосылуға ынталандырады деп сенеміз», — деп атап өтті CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік қатынастар және тұрақты даму жөніндегі директоры Алима Исембаева.
Ecosen басшысы Айбек Рахим:
«Алматыдағы бір экостанция жеткіліксіз. Экологиялық бастамаларымен және пластикті қайта өңдеу бағдарламасымен танымал CCI Kazakhstan компаниясы өз аумағында қалдықтарды қабылдайтын жаңа нүктесін ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай, тағы біреуін ашуды қаржыландырып жатқанына өте қуаныштымыз».
Бұл Қазақстандағы коммуналдық қалдықтар бойынша бірінші орында тұрған Алматы қаласы үшін әлеуметтік және экологиялық маңызды жоба. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Алматыда 481,7 мың тонна қалдық жиналған. Сондай бастамаларға бизнес қауымдастығының ерекше назар аударып, экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне зор үлес қосуы да маңызды.