HONOR танымал қазақстандық блогерлермен бірге қазақтың ұлттық ойыны Асықты насихаттап келеді

HONOR компаниясы жаңа HONOR 90 смартфонының шығуына орай қазақстандық блогерлермен бірге қазақтың ұлттық ойындарын әлемнің түкпір-түкпірінде танымал ету жобасын бастады. Инфлюенсерлер саяхаттап жүріп, Асық ойнауды үйретеді және Қазақстанның мәдениетімен танысуды технологиялық брендтің жаңа өніміне жазып отырады.
Алғашқылардың бірі болып жолға шыққан журналист Асхат Ниязов. Ол АҚШ-қа қарай бет алды. Мұхиттің арғы жағындағы сапарға Асхат жаңа HONOR90 смартфоны мен асық салынған брендтелген дорбасын алды. Журналист бір топ америкалық балаларға қазақтың ұлттық ойынын үйретпек болды.

Асхаттың бейнежазбасына сәйкес, балалар ойынның төркінін жақсы меңгерді, бірақ көпке дейін нақты немен ойнап жатқандарын түсіне алмады. Асықтардың шығу тегін түсінген олар біраз таңырқап қалды. Алайда бұл олардың ойынды жалғастыруына және одан шынайы ләззат алуына кедергі болмады.

Олардың жарқын эмоцияларын керемет айқын кадрлар жасайтын объективі бар жаңа HONOR90 смартфонының камерасы егжей-тегжейлі түсірді. Оның көмегімен түсірілген әсем қазақ мәдениеті одан да көп реңктерге ие болды, бұл компания басшыларын қуантты.

«HONOR өнімдері адамдарға – олардың қажеттіліктеріне, тілектеріне және дәстүрлеріне бағытталған. Смартфон да заманауи адамның, оның ішінде өз мәдениетін ұнататын және қастерлейтін қазақстандықтардың да өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Сондықтан біз үшін өнімдерімізге ұлттық ерекшелік беру маңызды. Біз бастаған жоба барысында әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұрғындар қазақтың ұлттық ойындарымен танысатын болады. Ал біз үшін компанияның жаңа флагманының камерасына түсірілген эмоцияларды бақылау өте қызықты»– дейді HONOR-дың Қазақстандағы аймақтық директоры Джонибек Вэй.

Жалпы жобаны әртүрлі салалардағы сегіз инфлюенсер қолдады. Олардың арасында қазақтың ұлттық асық ойынын қазақ табиғатының үйлесімді аясында жаңа HONOR90 смартфонының камерасына түсіруді ұйғарған фотограф Хамит Тассин де бар. Сыйымды галереяда Хамит пен оның достары асықтарды шебер атып, дәл тигізгендеріне қуанып жатқан бейнефайлдар сақталған.

200 мегапиксельді негізгі суперкамера әртүрлі кадрлар жасауға мүмкіндік берді. Ол неғұрлым жанды және егжей-тегжейлі сурет түсіруге мүмкіндік беретін жоғары ажыратымдылығымен ерекшеленеді.
Бейнелер мен фотоларды сақтаудың да машақаты жоқ – ол үшін HONOR90 смартфонына кіріктірілген бақандай 512 гигабайт жад бар, бұл кез келген уақытта галереяны ашып, түсірілген эмоцияларды ойыңызда қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Доғал ернеуі мен жіңішке жиектемесі бар флагмандық дисплей смартфонға жазылған барлық түстерді анық жеткізеді. Айтпақшы, фотолар мен бейнелерді қайталап шексіз көре бере аласыз, өйткені HONOR компаниясының жаңа флагманының экраны көзге салмақты азайта отырып, саладағы ең жоғары ендік-импульс модуляциясы (ЕИМ) жиілігін қолдайды.
Жаңа HONOR 90 смартфонымен ұзақ және қысқа қашықтыққа саяхаттай аласыз, өміріңіздің ең жарқын сәттерін суретке түсіріп, жадыңызда жаңғыртып, басқалармен бөлісе аласыз.