Қазақстанда дәрігерлерге деген сенім жоғары, бірақ профилактика әлсіз күйінде қалып отыр

STADA компаниясы жыл сайын денсаулық сақтау мәселесі бойынша қоғамдық пікірді зерттейтін халықаралық STADA Health Report есебінің нәтижесін ұсынды. Зерттеуде түрлі ел азаматтарының кең ауқымды көзқарасы көрініс тапқан, ондағы деректер халықтың өз денсаулығына қатысты ынтасы мен мінез-құлқын, фармацевтика және медициналық сауат деңгейін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы заманауи трендтерді терең түсінуге көмектеседі. Бұл STADA Health Report өз саласы бойынша ірі халықаралық зерттеу екенін көрсетеді.
Биыл зерттеу Батыс және Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 22 елінде жүргізілді. Респонденттерге физикалық және менталдық денсаулық, профилактика, азаматтардың ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына қанағаттану деңгейі, дәрігерлер мен фармацевтерге деген сенімі туралы 30-дан астам сұраққа жауап беру ұсынылды. Қазақстанда бұл зерттеу төртінші жыл қатарынан жүріп жатыр; Өзбекстан сауалнамаға биыл үшінші рет қатысты.
STADA Health Report нәтижесіне түсініктеме берген компания зерттеуге қатысқан елдердің барлығына дерлік ортақ тенденция бар деп отыр: халық денсаулығына мейлінше саналы түрде күтім жасай бастады, белсенді қозғалыс пен үйлестірілген тамақтануды таңдайды, пайдалы дағдыларды әдетке айналдыруға тырысады. Дегенмен, денсаулық сақтау жүйесінің сапасына қанағаттану деңгейі әлі де ойдағыдай емес, менталдық қолдау жөнінен шектеулер бар.
2024 жылмен салыстырсақ, былтыр Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына көңілі толатындардың үлесі 28% ғана болса, 2025 жылы сыни баға беру біршама төмендегені тіркелді, ал жүйеге көңілі толатындардың үлесі 36%-ға жетті. Бұл денсаулық сақтау жүйесіне қатысты жағымды қозғалыс басталғанын және қоғамның әрі қарай да жағымды өзгеріс күтетінін көрсетеді.
«STADA Қазақстан» бас директоры Наталья Гарипова атап өткендей, STADA Health Report нәтижесінде алынған деректер компанияға науқастар мен медицина қызметкерлерінің талабына дұрыс жауап беруге, сенімді серіктес ретінде адам денсаулығына қамқорлық жасау деген компания миссиясына толықтай сай болуға мүмкіндік береді. «Профилактика — өте өзекті тақырыптың бірі. Қазақстандықтардың 10%-ы ғана ұсынылған тексерудің бәрінен өтеді. Ал тұрақты профилактикалық тексеру немесе чекап дегеніміз — өз денсаулығыңның жай-күйінен хабардар болып отыру, дамуды көру, ықтимал қиындықтарға дер кезінде назар аудару, сол арқылы белсенді өмір сүруді ұзарту тәсілі. Азаматтарға профилактикалық тексерудің маңызы туралы жеткілікті ақпарат беру, тексерудің ашықтығын жетілдіру және науқастардың сенімін нығайту маңызды деп санаймын», — дейді Наталья Гарипова.
STADA Health Report 2025 төрт жылға созылған құлдыраудан кейін оң баға беру үлесі артқанын көрсетіп отыр: жаһандық есепке қатысқан респонденттердің 58%-ы денсаулық сақтау жүйесінің сапасына көңілі толатынын мәлімдеді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2%-ға жоғары және жағымды құрылымдық өзгерістерден немесе қабылдаудың өзгеруінен хабар беруі мүмкін. Алайда пандемияға дейінгі мерзіммен, яғни 2020 жылмен (74%) салыстырғанда, көрсеткіштер әлі де мейлінше төмен болып қалып отыр. Қазақстанда респонденттердің 36%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оң бағалайды және 29%-ы оны әділетті деп санайды. Сарапшылар қабылдау адамның әлеуметтік мәртебесі мен қаржылық жағдайына байланысты екенін айтады: мейлінше денсаулық сақтау жүйесінің қолдауына зәру адамдар бәрінен көп көңілі қалғандар қатарында. Мәселен, Қазақстанда әл-ауқаты жоғары респонденттердің 42%-ы жүйенің жұмысын оң бағаласа, материалдық қиындықпен бетпе-бет келіп жүргендердің 26%-ы ғана оң баға берген. Қазақстандықтардың өз денсаулығын бағалау деректері де табыс деңгейіне қарай қатты алшақ (әл-ауқаты жақсы респонденттердің 42%-ы қанағаттанатынын айтса, қаржылық қиындығы бар жандардың 14%-ы ғана көңілі толатынын айтқан), психоэмоциялық жағдайына байланысты алшақтық та осындай (сәйкесінше 38% және 16%).
Денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттану деңгейінің төмендеуі жалпы STADA Health Report 2025 зерттеуіне қатысқан елдердің азаматтарына ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің сын сағаты туғанда жедел әрекет ете алуына күмәнмен қарауына алып келеді. Орта есеппен респонденттердің 58%-ы қатерлі дертке шалдыққан жағдайда жүйе қамқорлық жасайды деп санайды, әйтсе де мемлекетке сөзсіз сенетіндердің үлесі 15% ғана. Қазақстанда сенім деңгейі жаһандық көрсеткіштен көп төмен: респонденттердің 38%-ы ғана жүйеге сенетінін айтса, соның ішінде 8%-ы ғана толықтай сенімді. Эмоциялық қиындықпен бетпе-бет келіп отырған немесе экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы азаматтар онсыз да жүктемесі көп денсаулық сақтау жүйесінде елеусіз қалып қоюдан қауіптенеді.
Денсаулық сақтау жүйесіне қатысты мұндай күмән қазақстандық респонденттердің медицина қызметкерлеріне жоғары сенім артуына кедергі емес. Бірінші орында ғалымдар тұр, оларға зерттеуге қатысушылардың 51%-ы сенім артады, 47%-ы жалпы тәжірибе дәрігерлеріне сенетінін айтса, 43%-ы фармацевтерге сенеді. Басқа медицина қызметкерлеріне сенетіндердің үлесі — 32%. Салыстыру үшін айтсақ, жаһандық зерттеуде жалпы тәжірибе дәрігерлеріне мейлінше сенім артады (69%), одан кейінгі орында басқа медицина қызметкерлері (61%) мен фармацевтер (58%) тұр. Қазақстанда басқа елдерден гөрі медицина мәселесі бойынша іздеу жүйесі беретін ақпаратқа сенім артатындар көбірек (33% және 20%), ал денсаулық сақтау саласындағы блогерлер мен пікір қалыптастырушыларға деген сенім шамамен Еуропадағыдай (сәйкесінше 10% және 11%).
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақстандықтар профилактикалық тексерудің мәнін жеткілікті түсінбейді: 58%-ы профтексеруден мүлдем өтпейді (жаһандық көрсеткіш 34%), 32%-ы жекелеген тексерулерден өтеді, қолданыстағы барлық тексеруден өтетіндердің үлесі 10% ғана. 2023 жылмен салыстырғанда жағдай айтарлықтай өзгермеген: ол кезде Қазақстаннан қатысқан респонденттердің 9%-ы барлық тексеруден, 34%-ы кейбірінен өтетінін, ал 57%-ы бірде-бір профилактикалық тексеруден өтпегенін мәлімдеген. Респонденттердің 40%-ы ғана өзінің физикалық денсаулығын жақсы немесе өте жақсы деп бағалайды (Еуропадағы орташа көрсеткіш 56%). Профилактикадан бас тартудың негізгі себебі субъективті кедергілер: 27%-ы өзін жақсы сезінген жағдайда тексеруден өтудің қажеті жоқ деп санайды, 25%-ы қандай тексеруден өту қажет екенін білмейді, 22%-ы қолданыстағы тексерулер мен одан қалай өтетіні туралы білмейді. 19%-ы профилактиканы тым қымбат деп санайды, сонымен бірге ондай тексеруден өтуге уақыты жоқ екенін айтады. Бұл деректер ағарту және еске салу жүйесін қолға алу, скринингтердің қолжетімді болуын арттыру және дәрігерлер тарапынан ынталандыру қажеттігін көрсетеді. Мәдениет қалыптастыруға кешенді және жүйелі қолдау болмайынша, елде тұрақты тексерудің тиімділігі төмен болып қала береді.
Қазақстандықтардың 65%-ы денсаулық мәселесінде ЖИ-мен өзара байланысқа түсуге дайын. 44%-ы кеңес алуға дайын, 15%-ы екінші пікір ретінде пайдаланады, 6%-ы мұндай форматтағы байланысқа қызығатынын ашық көрсетіп отыр. Алайда 59%-ы мұндай ұсыныстардың дәлдігіне күмәнмен қарайды. Дәріханаға көбінесе шұғыл дәрі-дәрмек сатып алу қажет болғанда (44%), кеңес керек болғанда (32%) және дәріханалар әмбебап әрі қолайлы болғандықтан (39%) барады.
Қазақстандықтардың 94%-ы салауатты өмір салтына ұмтылады, бірақ іс жүзінде 45%-ы ғана ұстанады. 83%-ы үйлестірілген тамақтанудың пайдасына сенеді де, 50%-ы ғана іс жүзінде ұстанады. 71%-ы ең басты мотивация денсаулықты күту десе, 44%-ы дұрыс тамақтануды қадағалайды, 38%-ы дәрумендер ішеді, 34%-ы спортпен айналысады. 27%-ы ешқандай шара қолданбайды, 28%-ы артық тамақтанады, ал 45%-ы әлеуметтік желіге қатты тәуелді екенін мойындайды.
59%-ы менталдық денсаулығын жақсы деп санайды (2024 ж. — 63 %), 36%-ы эмоциясын басқаруда қиындығы бар екенін айтады, 75%-ы жұмыстан қашып жүрмін дейді. Респонденттердің 61%-ы икемді жұмыс кестесінің көмегі болатынына сенімді, алайда мұндай мүмкіндігі бар жандардың үлесі 37% ғана (әлемде 43%).
Қорыта айтқанда, STADA Health Report 2025 Қазақстан тұрғындары салауатты өмір салтын ұстануға мейлінше назар аударатынын, бірақ әлі де профилактиканың маңызын жеткілікті түсінбейтінін және бірқатар кедергіге, атап айтқанда, өзінің салауатты өмір салтын ұстануға дайын болмауы мен оның қымбаттығынан бастап, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімсіздікке дейінгі кедергіге кез болып отырғанын көрсетіп отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жақсартуға қоғамның сұранысы бар, қазіргі түйткілді мәселелерді түсіну де байқалады, сондықтан таяу жылдары жағдайды жақсарту бағытында жоспарлы жұмысты қолға алу қажет. 2025 жылғы есептің, сонымен бірге 2022-24 жж. есебінің электронды нұсқасы www.reportstada.net сайтында бар.