Қаланы біртұтас цифрлық экожүйеге қалай біріктіруге болады: урбанистер мен цифрлық өнімдерді жасаушылардың пікірі

Қаланың цифрлық экожүйесі — бұл жай ғана технологиялар емес, әр тұрғынның жайлы өмір сүруінің, қауіпсіздігі мен қамқорлығының кілті.

Қазақстандық қалалар цифрлық трансформацияға сенімді түрде көшуде. Интеллектуалды бағдаршамдардан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы онлайн-сервистерге дейінгі заманауи шешімдер жүзеге асырылуда. Бұл қадамдар —  қалалық ортаның келбетін біртіндеп өзгертетін үдерістің маңызды бөлігі.

Алайда шынайы «ақылды жүйе» тек жеке технологиялар жиынтығы емес. Бұл — көлік, қауіпсіздік, коммуналдық қызметтер мен инфрақұрылымның бір-бірін толықтыруында бірге жұмыс істейтін өзара байланысты, келісілген экожүйе. Дәл осы тәсіл сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймай, оларды болжауға көмектеседі, бұл шаһардағы өмірді жайлырақ, әрі қауіпсіз етеді.

Бүгінгі таңда көптеген жобалар бірыңғай цифрлық архитектурасыз, жеке бөліктер сипатындадамып келеді. Бірақ бұл шынайы кезең, ал бұдан кейін кейін неғұрлым жетілген және бір тұтас модельге көшуі ықтимал. Осындай формат тек қисынды ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаның тұрақты дамуына қажетті қадам болып табылады.

Smart City идеясы — сәнді сөз тіркесі емес, уақыттың қиындықтарына жауап берудің нақты құралы: халықтың өсуі, инфрақұрылым жүктемесі, ашықтық пен тиімділікке деген қажеттілік. Қала өмірінің барлық элементтері біртұтас жүйеге қосылған кезде, шаһар шынымен ыңғайлы, қауіпсіз, икемді және болашаққа дайын бола алады.

Ақылды қаланы іске асыру туралы өз көзқарасымен сарапшылар бөлісті. Сәулетші, урбанист Санжар Қазиев мәдени және басқарушылық тәсілге басты назар аударса, Орталық Азиядағы INTEGRA CITY FZCO компаниялар тобы өкілдігінің басшысы Павел Лоран бірыңғай платформаға топтастырылған және аймақтық жағдайларға бейімделген жүйелі цифрлық шешімді ұсынады.

Санжар Қазиев: «Smart City — бұл тек камералар емес, саналы шешімдер мәдениеті»

«Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы» урбанистер қоғамдық бірлестігінің бас сәулетшісі Санжар Қазиев Қазақстанда «ақылды қала» термині нақты жұмыс үстіндегі тұжырымдамадан гөрі, әдемі ұранға ұқсайды деп есептейді. Оның айтуынша, Кеңес заманынан бері қоғамда белгілі бір іс-қимыл жоспары ретінде емес, үлкен атауларды насихаттау құралы ретінде қабылдау әдеті қалыптасқан.

– Бүгінгі таңда Smart city көбінесе камералардың болуын және деректерді жинауды білдіреді. Алайда камералар — бұл тек қана құрал-жабдық. Егер оның артында зерделеу, жүйелі тәсіл және сараптамалық бағалау болмаса, ол проблемаларды шешпейді, – дейді Қазиев. Сәулетшінің пікірінше, «ақылды қала» жабдықтан емес, оны дұрыс қолдана алатын адамдардан басталады.

– Бізге тек камералар ғана емес, халықтың тығыздығы, көшелердің кептелісі, құқық бұзушылықтар, шу, ауаның ластануы, мобильділігі төмен адамдар үшін ортаның қолжетімділігі туралы мәліметтерді түсіндіре алатын мамандар қажет. Осылар тек кешенді түрде шешім қабылдау ресурсына айнала алады.

Цифрландыру, ол тек есеп беру емес, басқарудың жұмыс құралы болуы қажет, – дейді маман. Егер қалада көлік кептелісі орын алса, басқа камераларды орнатып қана қоймай, осының себебін түсініп, шешімін табу маңызды: яғни, маршрутты қайта құру, жолақ қосу, жаяу жүргіншілер ағындарын ескеру мәселелері. «Ақылды қала» тек қана басқару ғана емес, ол бақылаумен тығыз байланысты.

Қазиев қала құрылысына жүйелі көзқарастың жетіспеушілігі маңызды мәселе болып қала беретінін атап өтті. Еуропадан айырмашылығымыз, бізде аумақтарды архитектуралық тұтастық ретінде қарастырмай бақылау логикасы басым. Кеңес заманында бас жоспарлар құрылды, тұрғын үй, жасыл және өнеркәсіптік дамудың пропорциялары сақталды. Бүгінгі таңда талдаудың орнына жылдам цифрлық шешімдер жиі қолданылады, яғни камералар қойылып, есеп дайындалады, олардың нақты не мақсатта және қайда орнатылатының түп идеясында айқындық аздау келеді.

Дегенмен, сарапшының сенімі орасан: Қазақстан ықтимал секіріс нүктесінде тұр. Қала құрылысы кадастрларының, цифрлық деректердің және жаңа тендерлердің пайда болуы —  оң сигналдар. Бірақ цифрландыру тек қауіпсіздік ұғымы немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты ғана емес, бүкіл қала құрылысын қамтуы керек. Трафик қайда болады және қандай инфрақұрылым қажет деген сұрақтарға сараптама жауап береді, егер жүйелерді осы мақсаттарға пайдалану жүзеге асырылса.

Сарапшы қоғаммен диалогтың маңыздылығын да атап көрсетеді. Технологияның қажеттілігін түсіндірмей оны енгізу мүмкін емес. Адамдардың ойында нақты түсінік қалыптасуы орынды: «ақылды қала» – бұл тек басқару емес, қалалық ортаның сапасын жақсарту құралы. Мысалы, тұрғын үйлердегі сенсорлар жылу шығыны мен суды тұтынуды бақылауға көмектеседі. Бұл бақылау туралы емес, үнемдеу және экология туралы. Сондықтан, басқарып қана қоймай, үнемдеу мен экологияға да мән берілуі қажет.

Сәулетшінің айтуынша, адамдар тек қатысушылар ғана емес, сонымен қатар қалалық шешімдердің бірлескен авторлары.

Сауалнамаларды жүргізу, мінез-құлықты зерттеу қажет: адамдар қайда жұмыс істейді, қалай қозғалады, бос уақытын қалай өткізеді. Бұл нақты қажеттіліктерді түсінуге және инфрақұрылымды адам үшін құруға мүмкіндік береді.

Сарапшы ешқандай технология дайындалған кадрларсыз нәтиже бермейтінін де алға тартады.Тіпті ең озық сенсорлар мен цифрлық жүйелер сәулет, аналитика, инфрақұрылым және қоғамның сұранысын біріктіре алатын мамандарсыз пайдасыз.

Қазиев Қазақстанға цифрландыру ғана емес, нақты қалалық трансформация керек екенін ұсынады. Бұл өзгерістің адами тұлғасы, түсінікті логикасы және тұрақты сәулеті болуы қажет. Ақылды, экологиялық таза және ыңғайлы қалалар — абстрактілі сипаттағы арман-тілек емес, жүйелі, ойластырылған жұмыстың нәтижесі. Smart City — бұл камералар жиынтығы емес, саналы шешімдер мәдениеті.

 Қаланы біртұтас цифрлық жүйеге қалай топтастыруға болады?

Камераларды орнату, қосымшаларды енгізу немесе «ақылды бағдаршамдарды қосу сияқты әртүрлі шаралар көп жағдайда шынайы «ақылды қаланы» қалыптастыра бермейді. Жалпы архитектурасыз және жүйелер арасындағы өзара әрекеттесуінсіз кез-келген цифрлық инновация оқшауланған түрде жұмыс істейді, яғни олар негізгі себептерді шешпейді. «Ақылды қала» шындыққа айналуы үшін кешенді трансформация қажет: ол ойластырылған инфрақұрылым, білікті мамандар, осы тұжырымда өз орны бар жұртшылық және осының барлығын біріктіретін технологиялық платформа.

Бүгінде әлемде барлық қалалық жүйелерді бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіруге мүмкіндік беретін шешімдер пайда болуда. Ол жай платформа немесе бағдарламалық жасақтама емес әртүрлі көздерден деректерді жинауға, оларды нақты тапсырмаларға бейімдеу мен белгілі уақыт режимінде қажетті қызметтерге мәліметтерді беруге қабілетті механизм. Мұндай жүйелер көлік жүктемесін бақылауға, коммуналдық ресурстарды тұтынуды анықтауға, жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға, қызметтердің жұмысын оңтайландыруға және тағы басқа да процестерге мүмкіндік береді.

Осындай экожүйелерді құруға маманданған компаниялар жабдықты қосудан және инфрақұрылымды салудан бастап бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және қызметкерлерді оқытуға дейін әмбебап кілтті құралдарды ұсынады. Осындай мысалдардың бірі – INTEGRA CITY қалалық қызметтерді біртұтас цифрлық ортаға біріктіретін платформаны ұсынатын компаниялар тобы, онығ қызметінде шешімдер болжам сипатында емес, мәліметтер негізінде қабылданады.

Павел Лоран: «Әр қала жеке цифрлық сценарийді қажет етеді»

Орталық Азиядағы INTEGRA CITY – FZCO компаниялар тобы өкілдігінің басшысы Павел Лоран ақылды қаланы құру технологиялық эксперименттер емес, жүйелік трансформация миссиясынан басталуы керек деп есептейді.

– Біздің мақсатымыз — инновацияларды енгізу ғана емес, қала өмірінің барлық элементтері бір-бірімен өзара әрекеттесетін тұрақты цифрлық ортаны қалыптастыру. «Ақылды қала» — бұл ең алдымен экожүйе: көлік, қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, байланыс, экология және әкімшіліктің біртұтас архитектураға топтастырылуы. Барлық деректер бір платформаға түскенде, жедел әрекет ету ғана емес, болжау, жоспарлау, стратегиялық дамуға дол ашылады, – деп түсіндіреді Лоран.

INTEGRA CITY әр аймақты жекелей қарастыратын тәсілді жүзеге асырады. Компания климатты, халықтың тығыздығын, көлік инфрақұрылымын және цифрлық жетілу деңгейін ескереді. Мысалы, Алматы және Жетісу облыстарында көлік байланысы, қауіпсіздік және инфрақұрылым сапасы мәселелеріне баса назар аударылады. Олар — трафикті басқару, цифрлық мониторинг пен қалалық қызметтерді дамытуда ерекше маңызға ие, белсенді көші-қон мәселесі бар және даму үстіндегі агломерациялары бар аймақтар.

– Біз шешімдерді көшірмейміз. Әрбір жоба белгілі бір қалалық контекстке бейімделу негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан INTEGRA CITY платформасы үлкен агломерацияларды да, шағын қалаларды да қосуға мүмкіндік ұсына отырып, икемді масштабталады, – дейді сарапшы.

Компанияның миссиясы туралы айта келе, Лоран INTEGRA CITY-дің Қазақстанның жүйелі цифрлық дамуының бір бөлігі болуға ұмтылатынын атап өтті. Бұл — біртарапты енгізулер емес, 10-15 жылға созылатын ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық жобалар. Компания платформасы қалалық қызметтер мен әрекет ету қызметтерін біріктіруге, коммуналдық ресурстарды тиімді басқаруды жолға қоюға, процестердің ашықтығы мен азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

-Біз тек цифрлық қалаларды ғана емес, қауіпсіз, басқарылатын және болжамды қалаларды саламыз. Бұл болашақтың инфрақұрылымы, сән үрдісі емес, өсіп келе жатқан урбанистік сын- қатерлер жағдайындағы қажеттілік, – дейді ол.

INTEGRA CITY стратегиясында мемлекетпен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылады. Лоранның айтуынша, платформаны қолданыстағы басқару процестеріне терең интеграциялау тек билікпен серіктестікте мүмкін бола алады. Бұл мемлекеттік бастамаларды қайталауға емес, күшейтуге, қалалық басқаруды тиімдірек, жедел және ашық етуге жол ашады.

Осындай жағдайдың өзінде адамдар негізгі элемент болып қала береді. Лоран digital-құралдар интуитивті және пайдалы болуын, ал тұрғындардың бақылаушылар ғана емес, трансформацияның белсенді қатысушыларына айналуын атап өтті. – Біз кері байланыс интерфейстерін жасаймыз: мобильді қосымшалар, онлайн-сервистер, азаматтық қатысу модульдері. Ол қаланың өз тұрғындарын есту ортасын қалыптастыруға көмектеседі. Ақылды қала — бұл технология ғана емес, сонымен қатар сенім. Қоғамның қатысуынсыз цифрландыру дамуға емес, есептілікке айналады, – деп атап өтті ол.

Компанияның тәжірибесі бірқатар елдерде, соның ішінде Латын Америкасында және Африкада жүзеге асырылды. Қазақстанда INTEGRA CITY шағын және орта қалалармен ынтымақтастықты арттыруды, жергілікті командаларды дамытуды және жаңа технологиялық шешімдерді интеграциялауда белсенді қызмет атқаруды жоспарлап отыр.

– Қазақстан жүйелі түрде алшақ басуға дайын деп санаймыз. Мұнда қажеттілік, әлеует және мүмкіндіктер ортасы бар. Біздің міндетіміз — цифрлық платформа ғана емес, әр қала сипатында басқарылатын, тұрақты және түсінікті жүйедегі даму логикасын ұсыну, – деп қорытындылады Павел Лоран.

Осылайша, Қазақстандағы қалалардың цифрлық трансформациясы — бұл жаңа технологияларды енгізу ғана емес, адамдар, инфрақұрылым мен деректерді біріктіретін терең, әрі жүйелі қызмет. Тек интеграцияланған платформалар мен мәдени көзқарастың арқасында өмір сүру мен даму үшін жайлы және қауіпсіз ортаны құруға мүмкіндіктер ашылады. «Ақылды қалалардың» келешегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және аймақтардың тұрақты дамуына оң шарттарды қалыптастырады.