Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық ахуалы

Қызылша – өте жұқпалы, ауа арқылы берілетін вирустық инфекция. Егілмеген, иммунитеті төмен адам 100% жұқтырып алады. Егілмегендер саны артқанда, ортаға сырттан әкелінген 1 ғана жағдай инфекцияның таралуына жол береді.
Иммундаумен қамту төмендегенде ең алдымен қызылша инфекциясы бас көтереді.
Жетісу облысында 2024ж. қызылшаның 727 жағдайы тіркелген. 2025 жылы 41 жағдай, 2026ж. басынан 136 жағдай тіркелді.
Науқастардың 85,3% қызылшаға қарсы бірде-бір екпе алмаған: екпе алуға жасы келмегендер басым (28,7%), медициналық шектеу (19,1%) қойылғандар, егілу статусы белгісіздер (14,7%) де бар, бас тартқандар – 22,8%.
Инфекция көзі – науқас адам. Ауру ауа-тамшылы жолмен, науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде немесе түшкіргенде беріледі. Вирус ауада немесе түскен беткейлерде 2 сағатқа дейін белсенді.
Жасырын кезеңі – 7-21 күн аралығында (жиі 10-11 күн).
«Аурудың белгілері алғашқы белгісі дене қызуының көтерілуі, 4-7 күнге созылады, мұрыннын бітуі, жөтел, көздің қызаруы, жасаурауы, ұрттың ішкі жағында ақ дақтар пайда болады, бөртпе вирус әсер еткеннен соң 7-18 күн аралығында пайда болады. Көп жағдайда бетте және мойыннын жоғарғы бөлігінде, 3 күннен соң бөртпе бүкіл денеге тарайды. Бөртпе 5-6 күн сақталады, кейін жоғалып кетеді. Қызылшаның ауыр ағымы кіші жастағы балаларда жиі кездеседі, себебі олар дұрыс тамақтана алмайды, әсіресе А дәрумені жеткіліксіз болғанда ауру ауыр түрде өтеді»,- Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.
Асқынулары: соқырлық, энцефалит, отит, пневмония. Ең күрделі асқыну – панэнцефалит, бірнеше немесе ондаған жыл өткенде, ми бұзылыстарына, кейін өлімге әкеледі. Қызылшамен ауырған 1 млн адамға 7-300 жағдайдан келеді, бұрқетпелерде ауырған 1 млн адамға 40-1700 жағдайға дейін кездеседі, деген деректер бар, бұл вакцинацияның маңыздылығын көрсетеді.
Қызылшаның арнайы емі жоқ.
Инфекцияға қарсы ең тиімді алдын алу шарасы – вакцинация. Ұлттық күнтізбеге сәйкес: баланың 12-15 айында, қайта егуі 6 жаста.
Сіз немесе балаңыз ауырып қалса:
– шұғыл дәрігерді үйге шақыру;
– дәрігер келгенге дейін туыс-таныстармен байланысты азайту;
– жөтелгенде және түшкіргенде ауыз/мұрынды орамалмен жабу;
– қолды сабынмен және сумен жиі жуу;
– бетперде қолдану қажет!
Уақытында алынған екпе – инфекциядан қорғайды, өмірді сақтайды!




