Air Astana халықаралық Corporate & Financial Awards марапатына ие болды

Air Astana Corporate & Financial Awards халықаралық байқауында Best Printed Report – International санаты бойынша қола жүлдеге ие болды.
Марапат әуекомпанияның 2025 жылғы жылдық есебі үшін берілді. Есепте Air Astana қызметінің нәтижелері, негізгі жетістіктері мен даму басымдықтары қамтылған.

Британдық Communicate magazine басылымы ұйымдастыратын Corporate & Financial Awards марапаты компаниялардың корпоративтік және қаржылық коммуникациялар саласындағы жетістіктерін, соның ішінде жылдық есептер мен мүдделі тараптарға арналған ақпараттық материалдардың мазмұндылығы мен толықтығын бағалайды.

Әуекомпанияның жылдық есептерімен сілтеме арқылы танысуға болады.