Абай Алпамысов – FIBA Asia Басқармасының мүшесі болып сайланды
FIBA-ның Азия аймақтық ассамблеясы жиыны 2023 жылғы 22 мамырда Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтті. Жиында 2023-2027 циклі бойынша басқарма мүшелері сайланды. Қазақстан атынан аталған ассамблея отырысына ҰБФ Вице-президенті Алмаз Узаков қатысты.
Сонымен FIBA Aзия 2023-2027 циклі бойынша жаңа басқарма мүшелері болып:
Доктор К Говиндраж (Президент),
Яо Мин (Төраға),
Акрам Халаби (1-ші вице-президент),
Альфредо Панлилио (2-ші вице-президент),
Абдуллатиф Аль Фардан Әл Уаими (Қаржы бойынша төраға),
Сюй Лан ханым («Гендерлік азшылық» ұйымы мүшесі ),
Хагоп Хаджириан FIBA Азия Атқарушы директоры.
Орталық Азия аймағынан FIBA Asia Басқармасының мүшелігіне CABA президенті, Қазақстан Республикасы ҰБФ президенті Абай Әбдісаметұлы Алпамысов сайланды.