Хромтауда қазақстандық колледж студенттері арасындағы «ERG skills» кәсіби біліктілік байқауы басталды

Бұл таяуда құрылған Қазақстан колледждер Альянсына мүше арнайы оқу орындары студенттерінің арасындағы тұңғыш кәсіби біліктілік байқауы. Бұл сында жұмысшы мамандар – 30 болашақ газбендәнекерлеуші, слесарьлар мен электромонтажниктердің меңгерген кәсіби шеберліктері безбенделеді.     

2023 жылы мамырдың 23-і мен 26-ы аралығында үміткерлер мен олардың тәлімгерлері «өз ісінің үздігі» атағы мен арнайы марапаттарды сарапқа салмақ. Жұмыстарды тәжірибесі еңбекте шыңдалған сарапшылар бағалайды. Байқау Хромтау тау-кен технология колледжінде өтіп жатыр.  Жеңімпаздарға шетелде тағлымдамадан өтуге арналған сертификат пен ERG кәсіпорындарында ақылы тәжірибеден өту мүмкіндігі ұсынылады.

 Одан бөлек, шара аясында «Торайғыров университеті» КЕҰ мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті Қазақстан колледждер Альянсы қатарына қосылу туралы Меморандумға қол қоймақ.

Дәнекерлеу, монтаж бен жөндеу жұмыстары бойынша өтетін жарыстың ең қызық да тартысты тұстарын біз әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда видео және фото форматтарында жариялаймыз.

Біздің инстаграмдағы аккаунттарымыз: @ergkazakhstan, @donskoygok, @alexeypetrovi4p.

YouTube: ERG Kazakhstan