Абай Алпамысов – FIBA Asia Басқармасының мүшесі болып сайланды

FIBA-ның Азия аймақтық ассамблеясы жиыны 2023 жылғы 22 мамырда Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтті. Жиында 2023-2027 циклі бойынша басқарма мүшелері сайланды. Қазақстан атынан аталған ассамблея отырысына ҰБФ Вице-президенті Алмаз Узаков қатысты.

Сонымен FIBA Aзия 2023-2027 циклі бойынша жаңа басқарма мүшелері болып:

Доктор К Говиндраж (Президент),

Яо Мин (Төраға),

Акрам Халаби (1-ші вице-президент),

Альфредо Панлилио (2-ші вице-президент),

Абдуллатиф Аль Фардан Әл Уаими (Қаржы бойынша төраға),

Сюй Лан ханым («Гендерлік азшылық»  ұйымы мүшесі ),

Хагоп Хаджириан FIBA Азия Атқарушы директоры.

Орталық Азия аймағынан FIBA ​​Asia Басқармасының мүшелігіне CABA президенті, Қазақстан Республикасы ҰБФ президенті Абай Әбдісаметұлы Алпамысов сайланды.