Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты. ВАК мүшелері бес мәселені қарастырды.
Бірінші және екінші мәселе ҚР Парламенті депутаттары бастамашылық еткен салық салу мәселелері бойынша заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын қарауға қатысты болды.
Үшінші мәселемен ВАК мүшелері ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңнына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын қарады.
Төртінші мен бесінші мәселелермен дипломатиялық қызмет, сауда қызметін және техникалық реттеу саласындағы бюрократиядан арылту мәселелері бойынша заң жобаларына реттеуші саясаттың консультативтік құжаттары қаралды.
Естеріңізге сала кетейік, ВАК заң жобалау қызметі бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы бастамалар мен диалогты талқылау үшін тиімді алаң болып табылады.