Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті. Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісінде.
Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шықты.
Айта кетейік, былтыр осы уақытта Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.