Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған COM.E ON Алматы алғашқы Ozon форумы өтті
Ozon Қазақстанда тапсырыстарды табыстау орындарының желісін 10 есе кеңейтіп, жергілікті сатып алушыларға бөліп төлеуді қамтамасыз етеді
Бұл туралы маркетплейс өкілдері 29 маусымда Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған COM.E ON Алматы алғашқы Ozon форумында айтты
Форумда Ozon көшбасшылары жыл соңына дейін компанияның сатып алушыларға арналған тапсырыстарды табыстау орындарының желісін 10 есе кеңейтуге жоспарлап отырғанын айтты. Жаңа орындар Қазақстанның бүкіл аумағында үлестіріліп, бұл маркетплейске ел ішінде тауарларды жеткізу географиясын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы Ozon бас директоры Мөлдір Рысалиеваның айтуынша, тапсырыстарды табыстау орындары — бұл Ресейдегі маркетплейс сатып алушылары арасындағы ең танымал жеткізу арнасы. «Ресейлік клиенттердің 85%-дан астамы өз тапсырыстарын рәсімдеп, өздері алып кетеді. Ресейдегі логистикалық желіміз ел тұрғындарының жартысынан көбі 10 минуттық жаяу қашықтықта орналасқан Ozon табыстау орындарына бара алатындай етіп жасалған. Бүкіл елдегі сатып алушыларға тапсырыс беріп, оларды алып кетуге ыңғайлы болу үшін Қазақстанда дәл осындай инфрақұрылымды жасағымыз келеді», – деп атап өтті ол.
Сондай-ақ Ozon 2023 жылы Қазақстандық сатып алушыларға бөліп төлеу және кредит сияқты қаржылық қызметтерді іске қосуды да жоспарлап отыр. Жаңа қаржылық және техникалық шешімдердің интеграциясы компанияға орташа чекті ұлғайтуға және аймақтағы сату көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
«Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарымыздың бірі — клиенттерге маркетплейс ішіндегі ыңғайлы сервистерді, соның ішінде оларды ыңғайлы шоппингке қажеттінің барлығымен қамтамасыз ететін қаржылық және техникалық шешімдерді ұсыну. Бөліп төлеу — Қазақстандағы өте танымал өнім. Бұл сервистің іске қосылуымен біздің сатып алушыларымыз өздерін және жақындарын жанға жайлы сатып алуларымен жиі қуантып, ал жергілікті сатушылар алаңшадағы тауар айналымын арттырып, клиенттік базаны кеңейте алады деп үміттенеміз», – деп түсіндірді Мөлдір Рысалиева.
Ozon Қазақстан нарығына 2021 жылдың екінші жартысында шықты. Компанияның Қазақстандағы логистикалық инфрақұрылымы Алматы мен Астанадағы жалпы ауданы 40 000 шаршы метрден асатын екі қойма кешенін қамтиды. Сатып алушылар Ozon-дағы тапсырысты компанияның өз табыстау орындарынан, сондай-ақ бүкіл ел ішіндегі 2400-ден астам Қазпошта бөлімшелерінен ала алады. Сонымен қатар, 2022 жылдың ақпанында компания Алматы, Астана мен Қарағанды қалаларында өз курьерлік жеткізуді іске қосты.
Биылғы көктемде Ozon Қазақстанда локалды маркетплейс витринасын іске қосты. Ол Республикадағы сатып алушыларға бейімделген — онда қолжетімді сұрыптамасы ғана көрсетіледі, бағалар жергілікті валютада (теңгеде) көрсетілген және екі тілдегі толыққанды клиенттік қолдау қамтамасыз етілген.