Cloud computing трендтері немесе Қазақстанда бұлтты есептеу нарығына шолу

Қазақстанның бұлтты нарығы дамуының алғашқы сатысында, бірақ оның өсім қарқыны таң-тамаша етеді. Сарапшылар cloud computing өсімінің қарқынды дамып жатқанына назар аударып отыр.

 Жетекші сараптамалық агенттіктер бұлтты технологияны бүкіл әлемдегі бизнесті дамытудың қозғаушы күші деп атайды. Мәселен, америкалық Gartner зерттеу және консалтингтік компаниясы 2023 жылы бүкіл әлем бойынша қоғамдық бұлтты пайдаланушылардың шығыны шамамен 600 миллиард долларға жетіп, 21,7%-ға артады деп болжаған. Мұндай динамика, ең алдымен, жасанды интеллект (AI), Web3 танымалдығының артуымен және метағаламның дамуымен байланысты.

Қазақстандағы бұлттар

Қазақстан әлемдік трендтерге сәйкес дамып келеді және нарықтың қарқынды өсімін көрсетіп отыр.

ҚР-да 2022 жылы бұлтты технологиялар индустриясының көлемі 23,72 млрд теңгеге жеткен, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 44,8%-ға көп. Қызметтердің шамамен 66%-ы жергілікті провайдерлерден келеді, олар 80% жағдайда тек инфрақұрылымдық бұлттық қызметтерді (IaaS) қамтамасыз етеді.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл – түсінікті үрдіс, себебі бизнеске АТ-инфрақұрылымын республика аумағында қорғалған контурда және деректер орталықтарында өрістету маңызды. Мәселен, VK Cloud халықаралық компаниясы QazCloud-пен серіктестікте биыл Қазақстанда бизнеске бейімделген және ел аумағындағы дата-орталықта орналасқан локализацияланған бұлтты платформаны іске қосты. VK Cloud бұлттық қызметтері стартаптар мен ірі компанияларға цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға және заңнамаға сәйкес өнімдерді нарыққа шығару уақытын жеделдетуге көмектеседі.

— VK Cloud бұлтты платформасы — бір терезеден цифрлық технологияларды дамыту үшін қажетті АТ-құралдар мен сервистер қолжетімді бизнеске арналған ХҚКО іспеттес, — дейді VK Tech Қазақстан өкілдігінің басшысы, VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев. — Бұлтты платформа 20-дан астам алдын ала конфигурацияланған IaaS, PaaS және SaaS қызметтерін біріктіреді. Олардың көмегімен бизнес деректерді сақтай алады немесе бірнеше минут ішінде IT инфрақұрылымын орналастыра алады, ауқымды деректерді әзірлеу және өңдеу үшін заманауи құралдарды қосады, ақпараттың резерв көшірмесін және қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді. Жергілікті дата-орталықта орналастыру «Дербес деректер туралы» 94-V заң талаптарының сақталуын, сондай-ақ сервистердің жоғары жұмыс жылдамдығын қамтамасыз етеді.

 Әлемдік трендтер

Сарапшылар әлемдегі бұлт нарығының өсу драйверлерінің бірі деп жасанды интеллектті (ЖИ) атап отыр, онымен дұрыс жұмыс істеу үшін қуатты және масштабталатын есептеу мүмкіндіктері қажет. ЖИ модельдерін әзірлеу және оқыту нақты уақыт режимінде үлкен көлемдегі деректерді өңдеуді қажет етеді. Бұл тапсырмалар үшін бұлтты платформа өте қолайлы.

«Қазақстанда бұлтқа сұраныстың өсуіне басқа себептер де бар: компаниялар бизнес-процестерді автоматтандыру үшін АТ-шешімдерді белсенді енгізіп жатыр, онлайн-сервистерді әзірлеп жатыр, жасанды интеллектті оқыта отырып, үлкен деректермен эксперименттер жүргізіп жатыр. Жасанды интеллект дегеніміз — бизнесті автоматтандырудың негізгі міндеттерін өтеген кезде компаниялар көшетін келесі қадам», — деп есептейді Vk Tech өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, 2023 жылы бұлтты нарықтың барлық сегменті өседі. Қызмет ретінде инфрақұрылымға (IaaS) соңғы пайдаланушылардың шығындары ең жоғары қарқынмен өсіп жатыр — 30,9%, одан кейін қызмет ретінде платформа (PaaS) — 24,1% өсім. Сонымен қатар, нарықтың ең үлкен үлесі — 33%-ын SaaS қызметтеріне тиесілі — бұл қызмет ретіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету. SaaS шығындары 17,9%-ға өсіп, 2023 жылы 197 миллиард долларға жетеді деген болжам бар.

«SaaS қызметтері ең түсініктісі және пайдалануға оңай. Қазақстандық қолданушылар B2C сегментіндегі бұлтты бағдарламаларға бой үйрете бастаған: электрондық пошта, білім беру сервистері, блог жүргізуге арналған платформалар, сайттар құруға арналған веб-конструкторлар және т. б. бизнес үшін осындай модель бойынша CRM-жүйе, онлайн-бухгалтерия сервисі немесе ЭДО, офистік бағдарламалар ұсынылуы мүмкін, — дейді VK Tech өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы VK Cloud дамыту жөніндегі директор Арман Нұрышев. — Инфрақұрылымдық қызметтер есептеу қуатын жалға алуды және pay-as-you-go (тек тұтынылған ресурстар үшін) төлеуді көздейді. Платформалық қызметтер дегеніміз — бұл бағдарламалық жасақтама жасаушылар мен деректерді талдаушылар үшін дайын немесе алдын-ала жасалған құралдар».

Сонымен қатар, Gartner 2026 жылға қарай әлемдегі ұйымдардың 75%-ы бұлтты іргелі базалық платформа ретінде пайдалануға негізделген цифрлық трансформация моделін қабылдайды деп болжайды.

«Бұлтты технологияларға деген жоғары сұраныс олардың бизнес үшін ашатын жаңа мүмкіндіктерімен байланысты. Мұндай мүмкіндіктер көбейіп келеді: бұлтты инфрақұрылымды таңдаған компаниялар IT-де айтарлықтай үнемдей алады және цифрлық шешімдерді өз процестеріне тезірек енгізе алады. Сонымен қатар, бұлтты технологиялар инновацияларға — Big Data, жасанды интеллект, заттар интернеті және басқасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оңай масштабталатын инфрақұрылым мен арнайы құралдардың арқасында бұл технологияларды игеру және жобаларда пайдалану оңайырақ. Ол үшін тар профильді мамандардың үлкен штатын жалдаудың және ұстаудың қажеті жоқ — күрделі құралдар PaaS (дайын платформалар) түрінде ұсынылған және бір рет түймеге басу арқылы қол жетімді. Бұлттар кез келген саладағы компаниялар үшін цифрлық трансформацияның негізі бола алады: бөлшек саудадан қаржы секторына дейін, интернет-компаниялардан денсаулық сақтау саласына дейін».