ҚР Мәдениет қайраткері Маргарита Мухаметдиева өмірден өтті

Астана қ. М.Горький ат. Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы, ҚР Мәдениет қайраткері, Маргарита Мухаметдиева дүниеден озды. Ол небәрі 57 жаста еді.

Актрисамен қоштасу рәсімі 2024 жылдың 3 маусымында сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін М. Горький ат. МАОДТ ғимаратында өтеді, (Желтоқсан көшесі, 13).

Мұхаметдиева Маргарита Анатольевна 1966 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

1988 жылы А.Алябьева  ат. Тобольск өнер және мәдениет училищесін бітірді (халық театрларының режиссері). Талдықорған қаласының драма театрында жұмыс істеді. 1996 жылы Т. Жүргенов ат. Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр факультетін үздік бітірді.

1998 жылы ол Астана қ. М.Горький Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының труппасына қабылданды.

М.Мухаметдиева өзінің кейіпкерлерінің бейнелерін жарқын, эмоционалды етіп жасады, ол кез-келген жанрда: комедия, ертегілер, гротеск және трагедиядағы рөлдерін ерекше сомдады.

Маргарита Анатольевна үлкен талантқа ие болды, ол өзінің нәзік актерлік шеберлігімен, рөлге терең енуімен, театр өнеріне адал қызметімен ерекшеленді.

Ұзақ аурудан кейін Маргарита Мухаметдиева көз жұмды. М.Горький ат. Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы мен барша театр қауымдастығы оны мәңгі есінде сақтайтыны сөзсіз, ал рухы мықты, нәзік, шексіз сүйкімді, әдемі актрисаны көрермендері еш ұмытпайды.