Абай облысында кадрлық резервтен 10 директор ауылдық мектепке тағайындалды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасы жүзеге асып келеді.

Абай облысында бұл жобаға қатысқан жас мамандар білім беру ұйымдарының басқару ісіне тартылып отыр. 2023 жылы өңірден 15 резервист анықталды, олардың 13-і мектеп директоры болып тағайындалып, соның 5-еуі ауылдық мектептерді басқаруға жіберілді. 2024 жылы тағы 11 резервист іріктеліп, оның 9-ы директорлыққа тағайындалды. Солардың ішінде 5-еуі ауылдық мектептерге, біреуі «Келешек мектебіне» басшы болды.

Осылайша, соңғы екі жылда облыстың 10 ауылдық мектебінде жас директорлар қатары толықты. Резервистер білім беру менеджменті, цифрлық басқару және заманауи білім саясаты бойынша арнайы дайындықтан өтіп, кәсіби дағдыларын жетілдірді.

Жоба ауылдық мектептердің кадрлық әлеуетін күшейтіп, басқару сапасын арттыруға және жаңа идеяларды енгізуге жол ашып отыр.

Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі