Алматыда тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

Алматыдағы ADD Үстел теннисі орталығында тұңғыш рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы (U-15, U-17) әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Турнирдің соңғы жарыс күні ойыншылар блицтен мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қазақстан командасы төрт алдын медаль иеленді. Чемпион атанғандар: Самира Оразмұханбет, Әділет Бекмахан, Виктория Белицкая және Сапар Тамерлан.

 Қыркүйектің 21-і мен 24-і Алматыда өткен әлем чемпионатының жалпы жүлдеқоры 8 миллион теңгені құрады. Әлемдік додаға 17 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс рапид және блиц түрлерінен өтті.

Блицтің қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз:

U-15

Ұлдар

  1. Сапар Тамерлан (Қазақстан)
  2. Есентай Арсен (Қазақстан)
  3. Лес Зауытбек (Қазақстан)
  4. Махмутжан Әзімхан (Қазақстан)

Қыздар

  1. Виктория Белицкая (Қазақстан)
  2. Альбина Есмұхан (Қазақстан)
  3. Назира Қуатжанқызы (Қазақстан)
  4. Жанель Құрманғалиева (Қазақстан)

U-17

Ұлдар

  1. Әділет Бекмахан (Қазақстан)
  2. Айдын Жақиев (Қазақстан)
  3. Қайрат Тұрарбек (Қазақстан)
  4. Салахаддин Агитаев (Қазақстан)

Қыздар

  1. Самира Оразмұханбет (Қазақстан)
  2. Аяна Исахан (Қазақстан)
  3. Айым Әлібекқызы (Қазақстан)
  4. Ақжібек Манарбекқызы (Қазақстан)

Әлем чемпионатының бас серіктестері – Спортты қолдау қоры «Sport Qory», Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласының спорт басқармасы.