Артем Соколов: “Моншадағы демалыс мәдениеті жаңа форматқа көшуде”

Биыл Алматыда «Соколов моншалары» брендінің жаңа жобасы «Сказки» монша кешені ашылды. Жоба дәстүрлі монша мәдениетін заманауи wellness форматымен ұштастырып, демалыс пен қалпына келуге арналған жаңа кеңістік ұсынады.
Бүгінде монша ұғымы тек буға түсіп, уақыт өткізетін орынмен шектелмейді. Әлемде wellness индустриясы қарқынды дамып, қалпына келу, сапалы демалыс және өз денсаулығына көңіл бөлу күнделікті өмір салтының бір бөлігіне айналып келеді. Қазақстанда да бұл бағыттың әлеуеті жоғары.
«Соколов моншалары» жобасының негізін қалаушы әрі жетекшісі Артём Соколов монша бизнесіне қалай келгені, Алматыдағы «Сказки» жобасының философиясы, Қазақстандағы wellness индустриясының болашағы, жергілікті өндірушілерді қолдау және брендті масштабтау жоспарлары туралы айтып берді.
– Артём, алдымен жобаның тарихынан бастасақ. «Соколов моншалары» идеясы қалай пайда болды? Сізді дәл осындай жоба жасауға не итермеледі?
– Бұл идея менің жеке тәжірибемнен туындады. Кәсіпкерлік үлкен жауапкершілікті, тұрақты ішкі қысымды, тәуекелді және күн сайын күрделі шешімдер қабылдауды талап етеді. Бір сәтте өзіме шын мәнінде тынығып, қайта күш жинап, артық ойлардан арылуға болатын кеңістік қажет екенін түсіндім. Мен үшін мұндай орын монша болды. Осылайша жеке монша брендімді құру туралы арман пайда болды.
Кейін көп саяхаттап, hospitality және wellness саласындағы әлемдегі үздік жобаларды зерттей келе, бұл индустрияның жаһандық деңгейде қарқынды дамып келе жатқанын байқадым. Сонымен қатар Алматыда, кейін жалпы Қазақстанда сапалы әрі заманауи қоғамдық монша кешендері өте аз екенін түсіндім.
Сол кезде біздің командамызда жобалау, құрылыс, мейрамхана бизнесі және басқару салаларында мол тәжірибе жинақталған еді. Осы бағыттардың барлығы бірігіп, «Соколов моншалары» жобасының негізін қалады.
– Сіз кәсіпкер ретінде әр түрлі бағытта жұмыс істедіңіз. Неліктен дәл монша мәдениетін таңдадыңыз?
– Монша мәдениеті алдымен менің жеке өмірімнің бір бөлігіне айналды. Оның физикалық әрі эмоционалдық тұрғыдан қалпына келуге қаншалықты көмектесетінін өзім сезіндім.
Кейін оның бизнес тұрғысынан да үлкен әлеуеті бар екенін түсіндім. Әлемде wellness индустриясы белсенді дамып келеді, ал Қазақстанда бұл нарық енді ғана қалыптасып жатыр.
Біз тағы бір монша ашып қана қоймай, заманауи формат қалыптастырып, адамдардың монша мәдениетіне деген көзқарасын өзгерткіміз келді. Болашақта ұлттық деңгейде дамытуға болатын бренд құрғымыз келді.
– Сіз 15-тен астам монша жобасын әзірлеуге қатысқан екенсіз. Осы жылдар ішінде бұл бизнес туралы қандай түсінік қалыптасты? Ал бастапқыда нені білмедіңіз?
– Бұл жол бірнеше жылға созылды. Осы уақыт ішінде жұмыс істемей қалған шешімдер де, қателіктер де, айтарлықтай шығынға әкелген сабақтар да болды. Біз шағын жеке кешендерден бастап ірі қоғамдық кеңістіктерге дейін әртүрлі форматтағы 15-тен астам монша жобасын жобалап, жүзеге асыруға қатыстық.
Бұл тәжірибенің ең маңызды артықшылығы жобаны тек сызбада емес, нысан ашылғаннан кейінгі нақты нәтижесімен көруге мүмкіндік береді. Нысанды басқаруды жалғастырған кезде қонаққа не ыңғайлы екенін, қандай шешімдердің бастапқыда бағаланбағанын және әдемі көрінген кейбір идеялардың нақты пайдалануда неге жұмыс істемейтінін түсінесің.
Бүгін осы тәжірибенің барлығы жүйеге айналды. Біз адамдар қайта оралғысы келетін кеңістікті қалай құру керектігін түсінеміз.
– Қазір адамдар өзіне күтім жасауға көбірек уақыт пен қаражат бөле бастады. Сіздің ойыңызша, монша жаңа wellness мәдениетінің бір бөлігіне айналып жатыр ма, әлде бұл дәстүрдің жаңа форматта қайта оралуы ма?
– Менің ойымша, қазір адамдардың wellness-ке деген көзқарасы өзгеріп жатыр. Олар мұндай қызметтерді тек көңіл көтеру ретінде қабылдауды біртіндеп қойып, оны денсаулық пен өмір сапасына деген қамқорлықтың бір бөлігі ретінде қарастыра бастады.
Жаңа ұрпақтың әдеттері де өзгеруде. Қалпына келу, сапалы демалыс және өзіне күтім жасау өмір салтының табиғи бөлігіне айналып келеді. Сондықтан Қазақстандағы wellness нарығы үлкен өсімнің енді ғана бастапқы кезеңінде тұр деп есептеймін.
– Қазақстандағы монша нарығы белсенді дамып келеді. «Соколов моншалары» бәсекелестерінен несімен ерекшеленгісі келеді?
– Бастапқы мақсатымыз тағы бір жақсы нысан ашу болған жоқ. Біз жаңа санат қалыптастырып, адамдардың сапалы монша демалысына деген көзқарасын өзгерткіміз келеді.
Ол үшін әдемі интерьер немесе жақсы орналасқан жер жеткіліксіз. Күшті брендтің артында философия, мағына, өзіндік визуалды тіл, бедел, сенім және бренд атауы аталған кезде адамның бойында пайда болатын эмоция тұруы керек.
Біз үшін әрбір жаңа жобада сервистің, сәулеттің, атмосфераның және монша өнерінің бірдей жоғары деңгейін сақтау маңызды.
– Жобаңызда отандық шеберлер мен өндірушілерге ерекше мән берілген. Бұл сіз үшін неліктен маңызды?
– Мен адамның өзі үшін ғана емес, басқа адамдардың да өсуіне себеп болған кезде дамитынына сенемін. Сондықтан «Соколов моншалары» мен үшін жай ғана монша кешені емес. Бұл – адамдар, кәсіпкерлер және тұтас қауымдастықтар дами алатын экожүйе.
Біз отандық өндірушілер мен қолөнершілерді қолдаймыз. Біздің кеңістіктерде табиғи сабын, шамдар, киізден жасалған бұйымдар, декор және ұлттық қазақы өрнектері бар әшекейлер ұсынылады. Сонымен қатар табиғи сусындар, қымыз, комбуча, денсаулыққа арналған өнімдер және басқа да жергілікті брендтермен жұмыс істейміз.
Маған осы өнімдер мен шеберлердің еңбегі арқылы қонақтың жай ғана қызмет емес, қамқорлықты, көңіл бөлуді және өз ісіне деген шынайы ықыласты сезінетіні ұнайды.
– Бизнес тұрғысынан қарағанда, әдемі монша кешенін салу қиын ба, әлде қонақтың қайта келгісі келетіндей жағдай жасау қиын ба?
– Бүгінде әдемі кеңістік ашудың өзі жеткіліксіз. Клиентіңді түсіну, мықты сервистік модель құру және әрбір детальға көңіл бөлу қажет.
Сондықтан өз нысандарымызды басқару тәжірибесі біз үшін өте маңызды. Нысан ашылғаннан кейін ғана қандай шешімдердің шынымен жұмыс істейтінін, қонаққа не ыңғайлы екенін және қандай детальдардың оның қайта келуіне әсер ететінін түсінесің.
Әдемі нысан салуға болады. Бірақ нағыз өнім сәулет, атмосфера, сервис және қонақтың тәжірибесі біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеген кезде пайда болады.
– Сіз отбасылық құндылықтар мен балаларға арналған бағдарламаларға да ерекше мән бересіз. Отбасын монша демалысының концепциясына қосудың маңызы неде?
– Денсаулыққа деген қамқорлық мәдениетіміздің бір бөлігіне айналуы керек деп шын жүрегіммен сенемін. Сондықтан біздің кешендерде отбасылық демалыс пен балаларға арналған бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінеді.
Біз балаларға арналған парение, массаж, жүзу секциялары және басқа да бағыттарды дамытып жатырмыз. Мұның барлығы бала кезден бастап денсаулығына, денесіне және эмоционалдық жағдайына дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.
– Қазіргі уақытта адамдар қызметтің өзін емес, эмоция мен әсерді сатып алады деген пікір бар. «Соколов моншаларыдің» қонағы шын мәнінде не алады?
– Мен үшін монша – жай ғана демалатын орын емес. Бұл – қайта жүктеліп, күш жинап, артық ойлардан арылуға мүмкіндік беретін кеңістік.
Сондықтан біз бастапқыдан тек сәулет пен интерьерді ғана емес, атмосфераны, сервисті, банщиктердің жұмысын, демалыс сценарийлерін және адамның кешеннен шыққаннан кейін қандай эмоционалдық күйде болуы керектігін де ойластырдық.
Сайып келгенде, қонақ жай ғана қызмет алмайды. Оның қамқорлықты, көңіл бөлуді және осы өнімді жасап жатқан адамдардың шынайы ықыласын сезінуі мен үшін маңызды.
– Демек, «Соколов моншалары» моншаны емес, белгілі бір күйді ұсынады деп айтуға бола ма?
– Иә, дәл солай. Мен өзім моншаны алғаш осылай қабылдадым: жай ғана демалатын орын емес, тоқтап, қайта жүктеліп, күш жинап, артық ойлардан арылуға мүмкіндік беретін кеңістік ретінде.
Дәл осы сезім болашақ брендтің негізіне айналды.
– Сіз үшін жобаның табысты болуының басты көрсеткіші қанда? Пайда, қонақ саны, олардың қайта келуі ме, әлде адамдардың моншаны өзіне тұрақты түрде күтім жасаудың бір бөлігі ретінде қабылдай бастауы ма?
– Мен үшін бұл тек бизнес туралы емес. Әрине, кез келген жоба экономикалық тұрғыдан тұрақты болуы керек. Бірақ біздің мақсатымыз одан кеңірек.
Біз адамдардың монша мәдениетіне деген көзқарасын өзгерткіміз және сапалы, саналы демалысты өмірдің әдеттегі бөлігіне айналдырғымыз келеді.
Егер біздің жұмысымыздың арқасында адамдардың әдеттері, сапаға деген талаптары, қызмет көрсету мәдениеті және өз денсаулығына деген көзқарасы өзгерсе, мен үшін бұл салынған нысандардың санынан әлдеқайда маңызды нәтиже.
– Брендтің қазір бірнеше жұмыс істеп тұрған жобасы бар, ал Алматыда жаңа кешендер салынып жатыр. Брендті қаншалықты жылдам кеңейту жоспарлап отырсыздар?
– Бүгінде серіктестерсіз жылдам масштабтау іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан біздің барлық жобаларымыз серіктестермен бірге жүзеге асырылады.
Қазір Алматыда екі жоба жұмыс істеп тұр, тағы екеуінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Астана, Ақтөбе және Өскемендегі жобалар мен серіктестіктер бойынша жұмыс істеп жатырмыз және Қазақстанның басқа да қалаларымен келіссөздер жүргізудеміз.
Бұл ретте жылдамдық сапаға кері әсер етпеуі керек. Әрбір жаңа жоба сервистің, сәулеттің, атмосфераның және монша өнерінің бірдей жоғары деңгейін сақтауы тиіс. Тек осындай жағдайда ғана нағыз брендті масштабтау туралы айтуға болады.
– Сіз франшизаны іске қосу туралы да айттыңыз. Неліктен дәл франчайзинг моделін таңдадыңыз?
– Мен үшін франшиза – бизнесті жай ғана масштабтау емес, еліміздің әртүрлі қалаларында жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторлармен бірге дамитын мықты қазақстандық бренд құру мүмкіндігі.
Ірі жобаларда серіктестік әсіресе маңызды. Бір серіктесте алаң, екіншісінде капитал, үшіншісінде құрылыс пен басқару тәжірибесі болуы мүмкін. Осы мүмкіндіктерді біріктіру арқылы біз жылдамырақ әрі тиімдірек дами аламыз.
– Бес жылдан кейін «Соколов моншаларын» қалай елестетесіз? Қазақстан бойынша үлкен желі ме, әлде халықаралық нарыққа шығу жоспары бар ма?
– Бірінші кезекте біз мықты ұлттық бренд қалыптастырғымыз келеді. Адам сапалы монша демалысы туралы ойлаған кезде, оның есіне ең алдымен «Соколов моншалары» түссе дейміз.
Сонымен бірге келесі кезеңде көршілес нарықтарға шығуды қарастырып отырмыз. Бірінші кезекте Өзбекстан мен Қырғызстан, кейін Ресей.
Алайда мен үшін түпкі мақсат картадағы нүктелердің санын көбейту ғана емес. Масштабтау барысында брендтің философиясын, стандарттары мен сапасын сақтап қалу маңызды.
– Алматыдан тыс Қазақстанның қай қалаларында «Соколов моншалары» жобасын ашқыңыз келеді?
– Қазір Астана, Ақтөбе және Өскемендегі жобалар мен серіктестіктер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларымен де келіссөздер жүргізудеміз.
Келесі кезең – көрші елдердің нарығы. Ең алдымен Өзбекстан мен Қырғызстан, одан кейін Ресей.
– «Соколов моншалары» жобасы сізге кәсіпкер ретінде қандай басты сабақ берді?
– Ең басты сабақтардың бірі жақсы нысан мен мықты бренд егіз ұғым емес екендігін ұқтым. Мықты бренд құру жақсы бизнесті құрудан әлдеқайда қиын.
Бренд – бұл философия, мағына, визуалды тіл, бедел, сенім және адамдардың эмоциясы.
Тағы бір маңызды сабақ масштабтауға байланысты. Бір сәтті жобаны салу жеткіліксіз. Иесінің тұрақты жеке араласуынсыз сапаны сақтай алатын жүйе құру қажет. Ол үшін мықты команда, түсінікті қағидалар және жауапкершілікті өз мойнына ала алатын адамдар керек.
– Егер адам «Сказкиге» алғаш рет барғалы тұрса, не үшін дәл осы жобаны таңдауы керек?
– Себебі біз бұл жобаны жай ғана әдемі монша ретінде жасаған жоқпыз. Біз оның сәулетін, интерьерін, атмосферасын, сервисін, шеберлердің жұмысын және қонақтың демалыс сценарийін егжей-тегжейлі ойластырдық.
Біз үшін адамның кешеннен шыққан кездегі эмоционалдық күйі маңызды.
Мен өзім моншаны бір сәтте тоқтап, қайта жүктеліп, күш жинап, артық ойлардан арылуға мүмкіндік беретін орын ретінде қабылдадым. Біз қонақтарымызға дәл осы күйді сыйлағымыз келеді.
– Әңгімеңізге рахмет! Іске сәт!




