Алматыда «Сказки» Соколов моншаларының жаңа премиум кешені ашылды

Алматыда премиум санатындағы жаңа демалыс және сауықтыру кешені – «Сказки» Соколов моншаларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа кеңістік заманауи SPA-практикаларын, дәстүрлі монша мәдениетін және курорттық демалыс атмосферасын бір арнаға тоғыстырады.
«Сказки» Соколов моншалары – қала шегінен шықпай-ақ табиғат аясындағы курорттағыдай тынығып, күш-қуатты қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ерекше орын. Кешен қонақтарына авторлық бу рәсімдері, жеке парение бағдарламалары, хаммам, массаж рәсімдері, бассейн және ерекше атмосферасы бар қоғамдық монша ұсынылады.
Брендтің негізін қалаушы, Baas Group компаниялар тобының жетекшісі Артем Соколовтың айтуынша, жоба сапалы демалыс пен денсаулықты қалпына келтіруді заманауи өмір салтының маңызды бөлігіне айналдыру мақсатында құрылған.
«Соколов моншалары» Қазақстандағы монша индустриясында қарқынды дамып келе жатқан жобалардың бірі саналады. Қазіргі уақытта брендтің екі кешені жұмыс істейді, ал Алматыда тағы екі қоғамдық монша кешенінің құрылысы жалғасуда.

Ашылу салтанаты қонақтарға арналған мерекелік бағдарламамен өтті. Кештің музыкалық атмосферасын DJ ISTOMIN қалыптастырса, Solis Show би ұжымы мен әнші Lugnan өнер көрсетті. Сонымен қатар қонақтарға welcome drink, дәстүрлі шай рәсімі, мерекелік фуршет ұйымдастырылып, жаңа кешен бойынша экскурсия өткізілді.
Іс-шара барысында әрбір қонаққа кешенге келуге арналған арнайы сертификат табысталды. Сондай-ақ кештің серіктесі француздың Payot косметикалық бренді ұсынған beauty-жинақтары сыйға берілді.

«Соколов моншалары» жобасы тек монша кешені ғана емес, денсаулықты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жергілікті өндірушілерді қолдауды біріктіретін экожүйе ретінде дамып келеді. Компания қазақстандық қолөнершілермен, шеберлермен және жергілікті брендтермен ынтымақтастық орнатып, дәстүр мен жоғары сервисті үйлестіретін бірегей кеңістік қалыптастыруды мақсат етеді.
Жаңа кешеннің ашылуы брендтің дамуындағы маңызды кезең болып, Қазақстанда саналы демалыс пен денсаулыққа қамқорлық мәдениетін дамытуға бағытталған кезекті қадамға айналды.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Қаппаров көшесі, 9/10а.




