Freedom Кино мен ТВ ұсынады: «ҚАЙРАТ» ФК» деректі сериалы — қазақ футболының жаңа дәуірін айшықтаған бас клубтың шынайы тарихы

Freedom Кино мен ТВ-да «ҚАЙРАТ ФК» атты деректі сериал жарық көрді. Бұл — Қазақстандағы ең танымал футбол клубтарының бірінің қалыптасу жолы мен оны УЕФА Чемпиондар лигасына алып келген тарихи сапары туралы баяндайтын ауқымды жоба.

Бұл жай ғана спорттық жеңістер туралы әңгіме емес. Бұл — матч кезінде миллиондаған жанкүйердің көзіне көріне бермейтін адамдар, клубтың ұстанымы мен жылдар бойы атқарылған тынымсыз еңбек туралы деректі хикая.

Көп жылдар бойы «Қайрат» футбол клубы өз академиясын дамытуға тұрақты түрде қаржы бөліп, жас ойыншыларды даярлау жүйесін қалыптастырды. Сондай-ақ клуб өз академиясында білім алып, жаттығып жүрген ойыншыларға сенім артуға негізделген ұзақ мерзімді стратегия қалыптастырды. Шыдамдылықты, жүйелілікті және күнделікті еңбекті талап ететін дәл осы бағыт сериалдың негізгі өзегіне айналды.

Жоба көрерменге әдетте телекөрсетілімдердің тасасында қалып қоятын тылсым әлемге жол ашады. Архивтік материалдар, клуб өмірінен алынған эксклюзивті кадрлар, сондай-ақ футболшылармен, бапкерлермен және басшылықпен жүргізілген сұхбаттар тарихты іштен көруге мүмкіндік береді — мұнда бәрі шынайы. Бұл — үлкен спорттық жолдың негізін құрайтын шешімдерге, эмоцияларға, күдік пен жеңістерге деген шынайы көзқарас.

6 шілде күіні жарық көрген алғашқы бөлім клуб тарихындағы ең маңызды кезеңдердің біріне арналған. Көрермендер академияның жылдар бойғы табанды еңбегін, шиеленіске толы іріктеу кезеңін және шотландиялық «Селтикпен» болған тарихи текетіресті тамашалай алады. Бөлімнің шарықтау шегі — жеребьевка сәті. Ол «Қайратты» Еуропаның алпауыттары — «Арсенал» және «Реал Мадридпен» жолықтырады. Дәл осы сәтте клубтың көпжылдық стратегиясы үлкен сыннан өтіп, ұжымның жетістігі жасыл алаң шеңберінен шығып, ауқымды оқиғаға айналады.

Деректі сериал үлкен жеңістердің бір маусымда ғана оңайлықпен келмейтінін көрсетеді. Олар — ондаған жылдар бойғы қажырлы еңбектің, өз жүйеңе деген кәміл сенімнің және қиындықтарға қарамастан, тек алға ұмтылған жандардың бірлескен жұмысының жемісі.

Жоба режиссері Ханзат Кеңес:

«Біз бұл жобаны қолға алғанда, тек футбол клубының тарихын баяндап қана қоймай, дүркіреген жеңістердің артында не тұрғанын көрсетуді мақсат еттік. Жанкүйерлер тек 90 минуттық матчты ғана көреді, бірақ жылдар бойғы дайындықты, жүздеген адамның күнделікті еңбегін және төрешінің соңғы ысқырығы шалынғанға дейін қабылданатын маңызды шешімдерді көрмейді.

«Қайрат» футбол клубымен бірлескен жұмыс нәтижесінде команданың ішкі өмірін көрсетуге мүмкіндік туды. Жобадағы басты ұстанымымыз — шынайылықты сақтау: жасанды көріністерсіз футболшылардың нағыз эмоциясын жеткізу.

Біз үшін бұл сериал — өз жүйесіне сеніп, таңдаған бағытын берік ұстанған және Қазақстан футболының халықаралық деңгейде өз орнын таба алатынын дәлелдеген жандар туралы шынайы хикая. Бұл жоба жанкүйерлерге қызықты туынды ұсынып қана қоймай, отандық спорттың қалыптасуы мен даму жолын көрсететін маңызды деректі мұра болады деп сенеміз»

«ҚАЙРАТ ФК» деректі сериалының алғашқы бөлімі YouTube-та қолжетімді.

Қалған бөлімдер тек Freedom SuperApp қосымшасындағы Кино мен ТВ бөлімінде эксклюзивті түрде көрсетіледі.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матчтарды да Freedom SuperApp қосымшасындағы Кино мен ТВ бөлімінен тамашалауға болады.