Алматы тауларында жаңа демалыс орны The Bosco Hotel Resort ашылды

Алматы маңындағы көрікті Алма-Арасан шатқалында жаңа демалыс орны — The Bosco Hotel Resort өз есігін ашты. 6 қыркүйекте өткен ресми ашылу барысында қонақтар курорттың инфрақұрылымымен танысып, таудағы демалыстың жаңа форматтарын тамашалады.

The Bosco Hotel Resort қала қарбаласынан алыстап, табиғат аясында демалуға мүмкіндік беретін кешен ретінде әзірленген. Оның аумағында заманауи шале үйлері, мейрамхана, ашық бассейн және монша кешені орналасқан. Мұнда демалыс күндерін отбасы немесе достармен өткізуге, екі адамға арналған тыныш демалысты ұйымдастыруға немесе бір күнге тауға шығып, табиғат аясында уақыт өткізуге болады.

Курорттың негізгі философиясы Art of Slowing Down, яғни «баяулауды өнерге айналдыру» қағидасына негізделген. Оның мәні — күнделікті қарбаластан бір сәтке алыстап, табиғатты сезіну, асықпай таңғы ас ішу, сапалы тағамнан дәм тату және жақын адамдармен бірге уақыт өткізу.

Курорттың ашылуы Bosco Opening Experience форматында өтті. Бағдарлама бассейн маңындағы аумақта ұйымдастырылып, қонақтарға welcome drinks, фуршет және lounge мен organic house бағыттарындағы DJ-сет ұсынылды.

The Bosco Hotel Resort-тың ашылу күні қонақтарға жаңа кеңістіктің барлық мүмкіндіктерін көруге мүмкіндік берді.

Жоба авторларының айтуынша, Bosco-да сәулет, табиғи орта, гастрономия және wellness біртұтас демалыс тәжірибесіне біріктірілген. Сондықтан курорт тек түнеуге арналған орын ретінде емес, бір күнге, демалыс күндеріне немесе ұзағырақ уақытқа келуге болатын кеңістік ретінде жоспарланған.

The Bosco Hotel Resort жобасының негізін қалаушы Артём Соколов. Ол Baas Group компаниялар тобы мен «Соколовские бани» брендінің авторы. Оның айтуынша, Bosco — қонақжайлық, демалыс және wellness саласында жинақталған тәжірибенің жалғасы.

«Біз “Соколов моншалары” жобасын жасаған кезде адамдарға жай ғана әдемі орын емес, эмоция мен баяулап, күш жинауға мүмкіндік беретін кеңістік қажет екенін түсіндік. The Bosco Hotel Resort осы идеяның жалғасы болды. Мұнда жайлылық, табиғат пен ерекше атмосфера қала ырғағынан ауысып, шын мәнінде демалуға мүмкіндік береді», — деді Артём Соколов.

Осылайша, Алматының Алма-Арасан шатқалындағы The Bosco Hotel Resort қалаға жақын жерде табиғат аясында демалудың жаңа форматын ұсынады. Курорт тұжырымдамасында таулы табиғат, қонақжайлық, гастрономия және wellness бір кеңістікте тоғыстырылған.